Образование

Қостанайлық мектеп оқушыларына «Елбасы Медалі» табысталды

Қостанай облысының 239 қатысушысы «Елбасы Медалі» ерекшелік белгісімен марапатталуға ұсынылды

Еліміздің әр өңіріндегі белсенді жастарды қолдау мақсатында Елбасы, «El Úmiti» жалпыұлттық бастамасын ұсынған болатын. Сондай-ақ, Республикамызда алғаш рет Н.Ә. Назарбаев жалғыз және бірегей ұлттық деңгейдегі «Елбасы Медалі» бағдарламасын іске қосты.

Осы жоба былтыр маусымда бастау алып, 11 мыңнан астам оқушыны қамтыды, оның ішінде 500 астамы Қостанай облысының оқушылары мен стеденттері. Жобаға қатыса отырып, жастар алдына мақсат қоюды, оны іске асыруды, мейірімді,белсенді, әділ болуды және өзін-өзі дамытуға тырысуға үйренеді. Болашақ түлектер үшін бұл отандық жоғарғы оқу орындарына түсу үшін маңызды ынталандыру болып табылады.

Бүгінгі күні 3500 астам үміткер қола деңгейді аяқтады, оның ішінде республикалық комиссияның шешімімен Қостанай облысының 239 қатысушысы «Елбасы Медалі» ерекшелік белгісімен марапатталуға ұсынылды, басым бөлігі облыс өңірлерінде табысталатын болады.

29 наурызда «Озат» ақпараттық технологиялар мектеп –лицейінің қабырғасында дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған мектептің 17 оқушысына білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова марапаттарды табыстады.

– Облыста барлық оқушылар үшін тең бастама мүмкіндіктерді құру міндеті шешілуде.«Елбасы Медалі» біздің жастарымыз үшін табыс пен өзін-өзі іске асыру жолындағы маңызды қадам болмақ, – деп атап өтті Зәуре Байменова.

Сонымен қатар қосымша білім беру саласындағы ерекше қызметі үшін ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Балалық шақ досы» медалімен «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының» директоры Елена Александровна Петренко, Қостанай қаласы балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Наталья Николаевна Зубко, Қостанай ауданы Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогы Лайла Темірбекқызы Оспанова марапатталды.

Өз тілшіміз

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77