COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102064

Выздоровевших

107374

Зарегистрированных случаев

3468

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Костанай и костанайцы Новости

Қостанайлықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға ерекше ниет білдіріп отыр

Әсіресе жергілікті спортшылардан түскен өтініштер басым

Қостанайлықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін өтініштерді көптеп беріп жатқаны байқалады. Бір айдың ішінде қостанай тұрғындарының тарапынан 52 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде ең көбі спортшылар болып отыр. Бұл жобаға қатысуға тілек білдіргендердің  ішінде 26 спортшы, 1 жеке кәсіп иесі, 3 өнер саласының майталманы бар.

Аталмыш жобаға қоғам, мәдениет, медицина, бизнес, ғылым салалары бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткендер ғана қатыса алады. Сонымен қатар еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан, жастарға үлгі боларлықтай жандар лайықты деп саналады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жолбасына өтініштер 1 қарашаға дейін қабылданады. Мұнда қойылатын басты талаптар жасы 39-дан аспауы керек, міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы шарт және белгілі бір салада жеткен жетістіктері болуы міндетті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77