Социум

Қостанайлықтар үшін тегін йога шарасы өтті

Қаламызда Ратха Саптами мерекесіне орай 108 Сурья Намаскар циклін орындау бойынша тегін йога шарасы өтті

Бұл іс-шараны Prana Yoga Studio мен Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Ратха Саптами – күн құдайы Сурьяға арналған дәстүрлі үнді мерекесі. Ол маусымдардың ауысуын және көктем мезгілінің басталуын білдіреді. Сенім бойынша, дәл осы күні күн ерекше оң қуат береді, ол денсаулықты нығайтып, өмірлік күшті арттырады.

– Бұл шараны Қостанай тұрғындары үшін өткізгенімізге қуаныштымыз. Ратха Саптами күнінде 108 Сурья Намаскарды бірлесіп орындау денені ғана емес, рухты да шыңдап, қоғамды біріктіріп, өмірімізге үйлесім мен позитивті қуат әкеледі, – дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі.

Сурья Намаскар немесе «Күнге сәлем» – иіліп-бүгілу қимылдарын үйлесімді біріктіретін йога жаттығуларының кешені. Ол денені нығайтуға, икемділікті арттыруға және қуат алуға көмектеседі. Ратха Саптами күнінде 108 цикл орындау ерекше пайдалы саналады, өйткені 108 саны йога дәстүрінде тұтастық пен бірліктің символы болып есептеледі.

-Ерекше тәжірибе болды. Өте көп қуат алып, ішкі тыныштықты сезіндім. Басқа қатысушылармен бірге 108 Сурья Намаскар орындау ерекше қолдау мен бірлік атмосферасын қалыптастырды. Жалпы мен йогаға бірінші рет келіп тұрмын, – деп қатысушылардың бірі өз әсерімен бөлісті.

Оған қоса бұл іс-шараға арнайы Қазақстандағы Үндістан елшілігін өкілдері де келді. Қатысушылардың арасында кішкентай баладан бастап, үлкен әжеге дейін болды.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77