Правопорядок

Паспорт – елден тыс жерге шығуға көмектеспейді

ХҚК орталықтарында дүрбелең тудырудың қажеті жоқ

Өткен аптаның соңында ҚР Үкіметі қаулыға қол қойды, соған сәйкес Республика азаматтарының Қазақстаннан тыс жерлерге кіруі және шығуы тек паспорттармен жүзеге асырылуы керек болған. Алайда 15 наурызда Ппрезиденттің Жарлығымен елде төтенше жағдай енгізілген болатын.

Бұл дегеніміз, мемлекеттік шекара арқылы кіру және шығу шектелген. Алайда, ел азаматтары шетелге емделуге бара алады, бірақ қосымша медициналық мекемеден растайтын құжаты болуы шарт. Сондай-ақ, ҚР тұруға рұқсаты бар шетелдік азаматтар мен ҚР азаматтарының отбасы мүшесі болып табылатын шетелдікдер елге келе алады екен.

Қостанай облысы ДП Көші-қон қызметінің бастығы полковник Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында дүрбелең тудырып, төлқұжат алуға жүгірудің қажеті жоқ, өйткені төтенше жағдай алынып тасталғанға дейін емдеуді қоспағанда, жеке мәселелер, туристік турлар, ауысымдық жұмыстар және өзге қызметтер бойынша барлық сапарлар шектелген.

– Біз барлығынан осы қауіпсіздік шараларына түсінушілікпен, жанашырлықпен қарауды сұраймыз. Жалпы, оның шешімі осы жағдайда біздің әрқайсымыздың ұтымды көзқарасымызға байланысты, – деді Қайрат Дүтпаев.

Сондай-ақ, Қостанай облысы Полиция департаментінің жеке құрама қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылған. Осы кезеңде полиция қызметкерлерінің негізні міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасу еті болып табылады.

– Сонымен қатар, полиция маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді қорғауды күшейтеді. Бұл үшін полиция қызметкерлерінің қатары көбейтілді. Патрульдік бағыттар да барынша күшейтілген режимде қызмет атқарады. Сонымен, бүгінде мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 120 қызметкері құқық қорғау қызметіне тартылған. Бейнебақылау жүйелері, операцияларды басқару орталығы арқылы қоғамдық орындарда бақылау күшейтілді. Полиция бөлімі бастығының бұйрығымен жедел штаб пен жұмыс тобы құрылды, бұл топ денсаулық сақтау органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс жасайды. Полиция қызметкерлері медициналық қызметтерге жан-жақты көмек көрсетеді, атап айтқанда коронавирустық жағдайлары бар елдерден келген азаматтарды медициналық мекемелерге апару және алып жүру, карантиндегі адамдарды тәулік бойы қорғауды қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Қостанай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Құрмет Мажикенов.

Қызметкерлер маскалармен, қолғаптармен, арнайы костюмдермен және дезинфекциялық сұйықтықтармен қамтамасыз етілген. 1-ші қатардағы жұмысшылар толықтай олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында шектеулі немесе толығымен тоқтатылған нысандарға рейдтік іс-шаралар жүргізетін мобильді топтар құрылған.

– Облыс тұрғындарынан Нұр-сұлтан және Алматы қалаларына барудан уақытша бас тартуды сұралады. Аталған аймақтарға тек осы қалаларда тіркелген азаматтар, сондай-ақ, қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жеке тұлғалар ғана кіре алады. Сонымен қатар, азық-түлік пен халық тұтынатын тауарларды тасымалдайтын көліктер қатынай алады, – деді ол.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77