Педагогикалық университеттегі конференция

Педагогикалық университеттегі конференция

Комментарии к записи Педагогикалық университеттегі конференция отключены

Ол көрнекті тұлға Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдығына арналды

Бүгін Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, мемлекет және қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ұлттық рухани құндылық: Қазіргі замандағы көркем сөздің жан дүниені жаңартудағы ықпалы» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Оның аталған жоғары оқу орнының ректоры, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл ашып, барлық қатысушыларды облыс өміріндегі елеулі оқиғамен шын жүректен құттықтады.

Содан кейін жиналған қауымның алдында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, белгілі қаламгерлер Ақылбек Шаяхмет, Ғұмар Ахметчин, Серікбай Оспанов, журналистика саласының ардагері, белгілі тарихшы Қуаныш Орманов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, есімі өңірімізге танымал ардақты ақсақалдар Мырзағали Ғабдуллин, Орекен Алмат және басқа да зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, Қайнекей Жармағанбетов туралы өздерінің естеліктерін айтты.

Бұл жиынға сонау Алматыдан Қайнекей Жармағанбетовтың қызы Әлима бастаған құрметті қонақтар қатысты.

Басқосуда Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Манапбек Кәдіров, дарынды жас термеші Айжан Санай өнер көрсетті.

Сонымен қатар жыршы Нағашыбай Алпысов «Кекті бала» деп аталатын туындыны жатқа айтып берді. Конференцияның соңында осы мерейтойлық мәжілісті ұйымдастыруға мұрындық болған ақын әрі ғалым Нағашыбай Мұқатов пен композитор-әнші Қалибек Деріпсалдин Теміртау жайлы әнді нәшіне келтіре орындады.

Түстен кейін Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Шынайы жырдың шебері» деп аталатын әдеби кеш ұйымдастырылды.

Оразалы Жақсанов

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись