Н.Островский атындағы қалалық кітапхана ұжымы жыл сайын Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау мақсатында арнайы көрме ұйымдастырып келеді
Биыл елімізді ғана емес әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйекте қазақстандықтарға жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын көпшілікке насихаттау мақсатында «Президент Жолдау беттерінен» деп аталатын көрме ұйымдастырып, «Инстаграм», «Фейсбук» желілері арқылы көпшілік назарына ұсынуда. Әлеуметік желі пайдаланушылар кітапхана ұжымы жасаған аталмыш көрмені онлайн қарап, құнды еңбектермен жан-жақты танысуда.
Аталмыш кітапхананың оқу залының кітапханашысы Зайра Қасқатованың айтуына қарағанда, Мемлекет басшысының Жолдауларын насихаттауға арналған көрмеге Елбасының құнды кітаптары мен мерзімдік басылым беттерінде жарық көрген Жолдаулар қойылған. Осы дүниелерді көрермендер тамашалып, өздерінің ойларымен де бөлісіп отырады екен.
Міне, карантин уақытында да кітапхана қызметкерлері өздерінің оқырмандарына онлайн қызмет етіп, олардың білім көкжиегін кеңітулерін өзіндік үлестерін қосуда.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77