Тың ізденістер тек ғана табысқа жетелейді

Таяуда Қостанай шаһарындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта «Жаңа педагогикалық технологиялар-заман талабы» деп аталатын педагогикалық кеңес болып өтті.

Бұл басқосудың негізгі көздеген мақсаты — оқытуды ізгілендіру және оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жүзеге асыру болатын. Осынау маңызды мәселе барлық қатысушыларға үлкен ой салды.

Жұртшылыққа мәлім, соңғы жылдары жаңа педагогикалық технологиялар Қазақстандағы білім беру үдерісінің айнымас бөлігіне айналды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірінші болып мектеп-интернат директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Құралай Жұмағұлова сөз сөйледі.

Ол өзінің баяндамасында жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік беретінін, олардың ақыл-ойын дамытуға ерекше ықпал ететіндігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ аталған педагогикалық кеңестің екінші жартысында директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары Ерлан Бекішов әріптестерін тың ақпараттардан хабардар етті.

Жалпы, әңгіме арқауына айналған мектеп-интернат әрдайым тың ізденістерімен, шәкірттерінің үлгірімдерімен өзгелерге өнеге көрсетіп келеді.

С.Байсингирова, Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись