Өңірде баласына екпе егуден ат тонын ала қашатындардың қатары көбейіп барады
Қазіргі таңда туберкулезге қарсы вакцина өндіруші Жапония елі «Japan BCG Laboratory», туберкулезге қарсы вакцина, БЦЖ вакцинасы өнімін қайтарып алуда.
Оның бірден-бір себебі орау барысында анықталғандай, вакцинада еріткіштен бөтен заттардың табылуы.
Мамандар БЦЖ вакцинасының вакцинаға тек өндіруші берген еріткішпен қоса езілетіндігін, басқа өндірушілердің еріткішімен алмастыруға жол берілмейтіндігін айтады.
Жалпы алғанда, өндіруші әлемнің көптеген елдері бойынша таратылған БЦЖ вакцинасының 33 сериясын қайтарып алып отыр. Олардың ішінен Қазақстанға 1620, 1628, 1637, 1649 және 1651 сынды 5 сериясы әкелінген болатын.
БЦЖ вакцинасының қазіргі таңда Қазақстанда бар барлық сериялары, өндіруші қайтарып алып отырған вакцина серияларының тізіміне кіріп отыр. Осыған байланысты, БЦЖ вакцинасын өндірушінің қайтарып алуының негізінде, осы вакцинаның республикада бар болып отырған бүкіл көлемін қолдану тоқтатыла тұратын болады. Демек, балаларды туберкулезге қарсы иммундау уақытша доғарыла тұрмақ.
– ДДСҰ-ның бағдарламасымен барлығы туберкулезге қарсы 4 вакцина преквалификацияланған. Олар Канада Интервакс 1991 жылғы преквалификация, Дания Statens 1987 – әдеби деректер бойынша, иммундағаннан кейін 4-ке дейін лимфадениттер түрінде қолайсыз білінулер тудырады, Жапония – «БЦЖ лаборатория» 1987, Үндістан – өндіруші вакцинасы әлемде кеңінен пайдаланылатын «SERUM institute of INDIA» 2003. Ағымдағы жылдың тамыз айында осы өндірушінің БЦЖ вакцинасы Қазақстан Республикасында тіркелді, вакцина өндірісін ДДСҰ преквалификациялаған және ҚР-да қолданыла алады, – деді Юрий Иванович.
Жыл сайын туберкулезге қарсы 11 мыңнан астам жаңа туған нәресте мен 6-7 жастағы 6 мыңнан астам бала вакцинацияланады.
Туберкулезге қарсы вакцинация балалар арасында туберкулезді менингит және диссеминирленген туберкулез сияқты туберкулездің ауыр жағдайларының дамуы жолын бұғаттауға мүмкіндік берді.
Бұл деректер балаларды вакциналауды қоса алғанда, туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін растап отыр.
Соңғы 14 жылда Қазақстанда балаларды иммундау үшін Жапонияның өндірушісі шығарған БЦЖ вакцинасы табысты қолданылып келді.
Алайда, жапон өндірушісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігін 35 елден вакциналардың 33 сериясын, ҚР-на 5 серия жеткізіліп отырған өнімін қайтарып алуы туралы хабардар етті.
– Алайда, соңғы жылдары қарсы профилактикалық егулер алудан бас тарту мәселесі әлі де болса өзекті болып қалып отыр. Вакциналаудан бас тартулар тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде де, соның ішінде дамыған елдерде де денсаулық сақтаудың көкейтесті мәселесі болып табылады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша, қарсы профилактикалық егулерден 16 мыңнан аса бас тарту, олардың ішінен а.ж. бірінші жарты жылдығында – 1373 бас тарту тіркелді 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 1316 бас тарту тіркелген. Қазақстан Республикасында қарсы профилактикалық егулерден бас тартулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жоспары жасалып, іске асырылып жатыр. Оған сәйкес өңірлерде халықпен вакциналаудың тиімділігі және қарсы профилактикалық егулерден бас тартулардың зардаптары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі консультативтік топтар жұмыс істеуде. Ақпарат алаңдарында, ресми сайттарда, әлеуметтік желілерде иммунопрофилактиканың пайдасы туралы материалдар орналастырылуда, орталық және аймақтық телеарналарында иммунопрофилактика мәселесі бойынша баяндамалар жүргізіледі. Бас тартқандармен жеке әңгімелесу-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Түсіндіру жұмыстардың нәтижесінде екпеден бас тартқандардың ішінен 2018 жылы 3107 адам егілді, ал ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында – 1593 адам. Көріп тұрғандарыңыздай, қолданған шаралар өз нәтижесін берді, жұмыстар одан әрі жалғастырылады. Бірақ, сонымен қатар, ата-аналар екпеден бас тарта отырып, өз баласын денсаулығын қорғау құқығынан айыратынына тағы да назар аудару қажет, – деді Юрий Севастьянов.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77