COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Сөйле тілім жосылып

Жас қаламгер Есенгелді Ерназармен кездесу болып өтті

Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханасында зум алаңы арқылы А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, әдебиет және тіл кафедрасының, қазақ филологиясы мамандығының төртінші курс студенті, жас қаламгер Есенгелді Ерназармен кездесу болып өтті.

Жас ұрпақты адамгершілікке, ұлттық мінезділікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара кітапхана ішіндегі жас қаламгерлерге арналған «Толқын» шығармашылық студиясының мүшесі Есенгелді Ерназардың шығармашылығына арналды. Аталмыш «Толқын» шығармашылық студиясы – жас оқырмандардың жеке дара өзіндік қабілеттерін айқындауға, жаңа мәтіндегі әңгімелер, өлеңдер, суреттемелер, мақалалар құрастыруға бағытталған. Өткен кездесу барысында кітапханашылар, әдебиетке қадам басқан жас қаламгер Есенгелді Ерназардың өмірі мен шығармашылығы жайлы анкетасын оқырмандарға толыққанды беруге тырысты.

Іс-шараға А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, әдебиет және тіл кафедрасының, қазақ филологиясы мамандығының ұстаздары, қаламдас достары, құрдастары, кітапхананың әдебиетті сүйетін, өлеңді түсінетін оқырмандары қатысты. Кездесу барысында Ерназар әр пенде үшін қасиетті болып саналатын туған жері, отбасы жайлы әңгімелеп, өлеңінің қалай тиегі ағытылғаны жайлы да оқырмандармен бөлісті. Оқырмандар «Тіл құнарлығы өлеңнің – басты шарты» деп білетін Ерназардың талпынысын, ынтасын, ойлы өлең өрнектеуге ұмтылысын байқады. Сондай-ақ кітапхана ішіндегі өнерлі жастарға арналған «Тұмар» клубының мүшелері Көшербекова Назгүл, Мақсым Айсәуле, Қозыбаева Аяулым жас автордың адам, адамға тән алуан түрлі сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы, адамның табиғатқа қарым-қатысы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі жайлы жазған өлеңдерін оқыды.

Желпінемін жолықсам жырласпенен,
Жырластарды ең жақын сырлас көрем.
Азаматтың бақыты – достар десем,
Ал қызығы – кәдімгі құрдас дер ем, – деп Қадыр ағамыз жырлағандай, Ерназардың қаламдас достары Кеңшілік Бақытжамал, Құсайынов Дінмұхамбет кеш иесіне арнауларын айтса, Жадырасын Дәулет ақ тілегін білдірді.

Кездесудің жоғары деңгейде өтуіне белсене ат салысқан Ерназардың ұстаздары Тіл және кафедра теориясының оқытушылары Кайпбаева Айжамал, Тасмағамбетова Зейнат Жансұлтанқызы, Төлегенова Шынар Исланбекқызы жетістікке жетіп отырған шәкіртіне қуанғандарын жеткізіп, өнер саласында әлі де талай асуларды бағындыратынына сенімдерін білдіріп жас авторға шығармашылық табыс тіледі. Патша көңілді оқырманның бірі Зәуре апай да Ерназардың өлеңдері жүрегіне жол тапқанын айтып, жас дарынға бақытты ғұмыр мен шалқар шабыт тіледі.

«Бұл дүниеде баласы жайлы тек жақсы ойда болатын және жақсылығын аямайтын ата-ана» демекші, кездесу соңында Ерназардың кешіне тілекші болып қатысқан анасы қуанышымен бөлісіп, баласына шығармашылық жолына ақ жол тілеп «перзенттеріміз ата-ананың үмітін ақтауға нәсіп етсін» деген, ізгі ниетін білдірді.

Кездесу соңында кітапханашылар Ерназарға алдағы уақытта да оқырманның құрметі мен қошеметіне бөлене беруіне, осы кездесуден келесі кездесуге дейін жыр жолдарын жазуға шабыт алып қайуына тілек білдіріп, кездесуге алтын уақыттарын бөліп қатысқан барша оқырманға ризашылықтарын білдірді.

Ботакөз Дүйсембаева,
Н. Островский ат. ОҚК
кітапханашысы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77