COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

118004

Выздоровевших

133887

Зарегистрированных случаев

5553

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Шаруа шаш етектен…

Тазалық жұмыстары бақылауда


Аптаның алғашқы күні қалалық әкімдікте кеңейтілген жиын болып өтті. Аталмыш бас қосуға шаһар басшысы Қайрат Ахметов төрағалық етті.

Облыс орталығының тазалық жұмыстарына арналған жиналысқа қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпорын және өнеркәсіп басшылары, мемлекеттік мекемелермен жауапкершілігі шетеулі серіктестігі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Аталмыш жиын барысында қалалық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алексей Тарасов, «Тазалық-2012» ЖШС директоры, Александр Кушнир, қалаға бірегей контакт орталығы 109 желісін орнату бойынша Қибат Даниярдың баяндамалары тындалды.

Көктем шығысымен аулаларымызды тазартып, баспанамыздың маңайын ретке келтіретініміз дәстүрге айналған. Бірақ осындай жауапты жұмысқа салқырттық танытып, селқоз қарайтын жерлестерімізде баршылық. Осы орайда тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алексей Тарасовтың айтар өз уәжі бар.

– Біздің комуналдық мекемелер әрқашан да келісім шар бойынша жасайтын жұмыстарды тиянақты, аяғына дейін атқара бермейді. Сондықтан бізге қала тұрғындары тарапынан олардың жұмысына қатысты көптеген арыз-шағымдар түсіп жатады. Қала тазалығына жауап беретін мекемелер дер кезінде қажетті жұмыстарды қолға алмағандықтан көшелер ластанып, тұрмыстық қалдықтардан арылар емес. Мәселең, орталық көшелерді тазалау жұмыстары тұрақты назарға алынған болса, ал, қаланың шеткі аудандарының жағдайы сын көтермейді, – дейді ол.

Пәтер иелері кооперативі мен тұрмыстық қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын мекемелердің жұмысына сынға алған әкім бұл бағыттағы жұмыстардың қатаң бақылауда болатынын ескертті.

Сондай-ақ өз жұмыстарына салғырт қарап, тұрғын үйлердің маңайын қоқыс қоймасына айналдырған «УЮТ», «Сенім», «ЯВА», «Жауке», «Данко», «Сион» пәтер иелері кооперативінің басшылары шаһар басшысынаң қатаң сөгіс естіп шықты.
Жалпы алғанда биылғы жылғы тазалық жұмыстарына 1 млд 700 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Осы қомақты қаражатты абыроймен игеріп ел алғысын арқалау, тазалыққа жауапты мекемелердің азаматтық парызы.

Мешіт Ғазиз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77