Кездесу барысында олар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды
Жуырда облыстық мешіт жанындағы жастар ісі секторының жетекшісі, білікті маман Әлішер Ертайұлы рухани келісім күніне орай Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен жүздесті.
Осынау кездесу барысында, Әлішер Балахмет Ислам дініндегі татулық, өзге де дін өкілдеріне деген құрмет, әңгіме арқауына айналған маңызды тақырып жайлы келелі әңгіме қозғады.
– Осындай тағылымы мол кездесулер жастардың діни сауатын ашады. Олар дін жайында көкейлерінде жүрген сауалдарын білікті діни қызметкерлерге қойып, өздеріне мол мағұлымат ала алады. Бүгінде әлеуметтік желілер арқылы түрлі діни уағыз тыңдайтын жастарымызға, бір уақыт жергілікті мешіттерге келіп, имамдардан білім алуларын сұраймыз,-дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.
Бүгінгі студент, тәуелсіз еліміздің білікті маманы болары хақ. Еліміздің болашағы солардың қолында. Дін қызметкерлерімен жүздескен студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алып, діни сауаттылықтарын арттырды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77