Социум

Студенттердің діни сауатын ашу мақсатында кездесу ұйымдастырылды

Жастар көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторының» ұйымдастыруымен «Ихсан және Жастар» тақырыбында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Аталған жүздесуге Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері шақырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында діни экстремизмге жол бермеу. Сондай-ақ «Діни білімді қаңдай жерлерден алу керек?», «Ихсан дегеніміз не?» деген тақырыптарда сөз қозғалды.

Жиынға Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет, өңірдегі «Жастар ісі секторының» меңгерушісі Әлішер Ертайұлы, облыстық мешіттің найб имамы Әбдіқаһар Садықұлы қатысып, аталған тақырыпта сөз қозғады.

Студент жастар кездесу соңында имамдар мен ұстаздарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды. Оларға облыстық мешіт атынан сыйға кітап берілді. Сонымен қатар, студенттер мешіт ғимаратымен танысты.

Мешіт ұжымы осындай маңызды басқосудың өткізілуіне қолдау көрсеткен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Алма Іргебайқызына шынайы алғысын білдірді.

– Қазіргі әлемді ғаламтор жайлаған заманда жастар дін жайында мәліметтерді әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы алып жатады. Онда жүктелетін бейне жазбалардың қандай мақсатта жазылғанын толық біліп отыру мүмкін емес. Сондықтан жергілікті мешіттерде имамдардан арнайы дәріс алған дұрыс. Өйткені, дін жолынада жүрген көзі ашық, көкірегі ояу имамдар ғана жастарға дін жайында шынайы және сенімді ақпарат бере алады, – дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77