Сыбайластық жемқорлық хақында

Сыбайластық жемқорлық хақында

Загрузка...


Белгілі тұлғалар колледж студенттерімен жүздесті

Кеше «Сыбайлас жемқорлықсыз ел — гүлденген ел» партиялық жобасының аясында «Нұр Отан» партиясы Федоров аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рамиль Валеев пен аудандық филиалдың жанындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Лидия Костенко осы жердегі ауылшаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Онда аталмыш сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің мүшесі Лидия Костенко өткен жылы Қазақстанда пара бергені үшін 100-ден астам адамның сотталғанын мысалға келтірді. Сондай-ақ ондай адамдардың мүліктері тәркіленіп, қандай жаза қолданылатындығы жайлы да жиналған студенттерді хабардар етті.

Білім ордаларында осындай жағымсыз әрекеттердің алдын алу үшін оқытушыларға қандай жауапкершілік жүктелетіндігін де айтып өтті. Сондықтан барша қауым болып, еліміздің алдағы уақытта өркендей беруіне өз үлестерін қосулары тиіс екендігін де баяндады.

Әрине, жиналған жастар да мәселенің мәнісін түсініп, қозғалып отырған тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды. Сыбайластық жемқорлықтың қайсы мемлекетке болсын ешқашан да абырой әпермейтіндігін терең түсінді.

Осы орайда студенттер Оңтүстік Корея мен Сингапурде қозғалып отырған өзекті тақырыпқа байланысты қандай шаралар қолданылатындығын да әңгіме өзегіне айналдырды. Жалпы, бұл кездесу жастарға үлкен ой салды.

Жиын қорытындысында колледждің оқытушылары мен студенттері өздерімен жүздесіп отырған Рамиль Гадельзиянович пен Лидия Николаевнаға аса маңызды тақырыпқа байланысты айтылған әңгімелері үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись