Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде
Қостанай облысында қазан айынан бастап тұрғындарды тұмауға қарсы иммумдау кампаниясы басталды. Тәуекел тобына кіретін адамдар тегін екпе алатын болады. Бұл туралы ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Қостанай облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.
Тәуекел тобына медициналық қызметкерлер, жиі науқастанатын және диспансерлік есепте тұрған балалар, жабық мекемелердің тәрбиеленушілері, қарттар үйінің тұрғындары, созылмалы аурумен, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдары ауруларымен ауыратын адамдар, жүктілігі 2-ші және 3-ші триместрдегі әйелдер жатады.
Әкімдіктен ақшалай қаража бөлініп, Ресейден шығарылатын «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатылып алынған.
Тұмауға қарсы екпені жылда алу қажет екендігін айтады мамандар. Себебі, тұмау вирусы көбейе береді және түрлері де өзгеріп тұрады. Өзге инфекцияларға қарсы сиқты оның салдарынан өмір бойына иммунитетті алу мүмкін емес.
Вакцинацияның ұсынылатын кезеңі қазан-қараша айлары, иммунитет 14 күннен кейін қалыптаса бастайды және жыл бойына сақталады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77