Өрт үйіңізге дұрыс тартылмаған газдан немесе дұрыс салынбаған пештен болуы мүмкін
Ағымдағы жылдың 10 айында 1044 өрт тіркелді, өткен жылдың осындай кезеңінде 907 өрт тіркеліп, 13,1% артты. Өртте 29 адам қаза болды, өткен жылы 28 адам қаза тауып, 38% артты. Өрттен болған материалдық шығын 164 млн 668,71 мың теңгені құрады (2018 ж-99 млн 734 мың теңге).
Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында – 677 оқиға орын алады, бұл өрттердің жалпы санының 65% құрайды. Жылыту маусымы кезеңінде жеке секторда өрттердің және улы газбен улану оқиғаларының көбеюі қаупі туындайды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан улы газбен уланудан 7 адам қаза болды (оның ішінде 2018 жылы -2 адам). Улы газбен уланудан жарақат алған адамдардың саны 14, 3 адам өткен жылы зардаб шеккен.
Улы газбен уланудың себептері өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзумен байланысты жағдайлар, атап айтқанда жылыту құрылғыларына немқұрайлы қарау салдарынан болып табылады.
Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау мәселесі бірінші орында тұрмайды. Өрттердің көптеген саны электржабдықтар мен электр сымдарын орнату, пайдалану қағидаларын бұзу себебінен, тұрмыстық электржабдықтау аспаптарының ақаулығынан туындайды. Көбінесе, отты трагедиялар газ тартылмаған үйлерде орын алады, үйді жылыту үшін тұрғындар қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдаланады. Өкінішке орай, өрттердің жиі себептері пештің ақаулығы немесе дұрыс салынбауы, оны пайдалану қағидаларын бұзу болып табылады.
Пештің жарамдылығын тексеруді, барлық ақауларды жоюды жүзеге асыру керек. Түтін өтетін құбырларды дұрыс орнату керек. Сондай-ақ ошақты және түтіндіктерді күл мен күйеден тазарту керек.
Сіздің үйіңізге қайғы келмеу үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77