№102-ші автобустың жүру ара қашықтығының ұзақтығы көпшіліктің наразылығын тудырып отыр
Таңның атысымен қалалық қоғамдық көліктердің жұмысы басталады. Тұрғындардың жұмысқа баратын және қайтатын кездерінде қоғамдық көліктердің іші лық толып, адамдар бірінің үсітен бірі міңгесіп керек аялдамасына дейін жетіп қалады. Бұл шаһардың күнделікті көрінісі.
Аялдамада автобустардың барлығы бірдей белгіленген уақытта келіп тоқтай бермейді. Кейбір бағытта жүретін қоғамдық көліктердің жүру ара қашықтығы ұзап кетіп жатады. Мұндай сәттерде баратын жеріне уақытында жете алмай тұрғындар наразылықтарын білдіретіні анық.
Наразылық демекші, соңғы уақытта №102 бағытында жүретін Қостанай қаласынан Тобыл қаласына одан әрі Заречный ауылына қатынайтын автобустың жүру ара қашықтығы өте ұзақ болып барады. Тұрғындар таңертең де, түсте де, кешке де автобусты 40-45 минут күтіп, шаршайтындарын айтады.
-Мен Тобыл қаласында тұрамын. Қостанайда шаһарында жұмыс істеймін. Соңғы уақытта таңертең жұмысқа жетуім қиындап кетті. Кей уақыттары қалаға қатынайтын №102 бағыттағы автобусты күтпейтін де болдым. Өйткені, автобус өте сирек жүреді. Аялдама да өзім сияқты жұмысқа асығып, №102-ші автобусты тағатсыздана күтіп тұрған жандарды көп кездестіремін. Өтірік айтқаным емес, кешке жұмыстан үйге қайтатын кездеде автобусты 40-45 минут күтемін. Жұмыстан шаршап, тезірек үйге баруды қалайтын жандар үшін №102-ші автобустың жүру арақашықтығы өте үлкен. Сондай-ақ автобус сирек жүрген соң әрдайым іші лық толып тұрады. Орталық базардан адам кінгенде автобустың ішінде демалу қиын болып кетеді. Іші ауыз-мұрнынан шығып толып тұрса да, «Қазақтелеком», «Қалалық ішкі істер бөлімі» аялдамаларына тоқтап тұрады. Адамдар міне алмай қалып қояды. Болашақта осы мәселенің шешемі табылса жақсы болар елі, – дейді Вероника Таловская.
№102-ші автобустың жұмысына наразы жандардың шағымын естіп, неге автобусты жиі жиі шығармайды деген көпшіліктің сауалдарына біз де жауап іздеп көрдік.
Осы ретте ТТS ЖШС басшысы Алексей Бойченкомен хабарласып, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алдық.
Оның айтуына қарағанда, күніне №102 бағытында 6 – 10 автобус айналымға шығады екен. Олардың жүру ара қашықтығы 10-25 минут. Бұл бағыттағы автобус таңғы 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді.
Ал бірақ, тұрғындардың №102-ші автобусты 40-45 минут күтітінің себебі, автобустар жиі сынып қалатын көрінеді. Олар көп уақыт жөндеуде тұрады. Сондықтан айналымға шығатын автобустар саны кей-кездері азайып қалады. Осыған байланысты автобус аялдамаларға кеш келіп жатады. Сондай-ақ ТТS ЖШС басшысы бізді алдағы уақытта бұл мәселенің шешімі табылатынына сендірді.
Жақсы күндерге үміт артайық. Жақын уақыттарда қаладан жұмыс істеп, шаршап үйлеріне қайтуға асыққан тұрғындарды №102 бағыттағы автобус көп күттірмейді дегенге сенейік.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77