Новости

Тұрғындардың назарына

Орманда демалсақ та, суға шомылсақ та қауіпсіздік ережелерін  сақтайық

Облыс аймағында адамдардың орманға келіп, демалуына тиым салынбақ. Оған соңғы кездері көбейіп кеткен орман өрті болып отыр. Бұл мәселені Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы облыс әкімінің қарауына ұсынып отыр.

Соңғы уақытта орманда өрт жиі орын алып, көптеген жерлер жанып, жасыл шөптер күлге айналған. Бұған бір жағынан өңірімізде бірнеше апта қатарынан сақталып тұрған ауа райының ыстығы да себеп болып отыр.

Соңғы күндері облысымыздың кей жерлерінде күннің температурасы 40 градусқа дейін жеткен. Осыған байланысты өртсөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы көбейіп, арнайы мамандарды әбігерге салған.

Сонымен қатар отбасымен, достарымен табиғат аясына шығып, демалған сәттері де ормандағы қауіпсіздік ережелеріне жіті назар аударған жөн. Әрдайым артымызда қалған отты сөндіріп, жасыл желектің қызыл өртке шалынбауына сақ болудың маңызы зор.

Осыдан 2 күн бұрын ғана Наурзым қорығы өртенді. Бұл көлемді өртті ауыздықтау да оңайға түспеген. Оның сыртында болған шағын өрттердің әкелетін залалы жайында айтпасақ та белгілі.

Үстіміздегі жылы облысымызда 49 орман өрті орын алған. Онда өртке оранған жерлер өте ауқымды.

Сондай-ақ су қоймаларында суға кетіп қалу жағдайы да азаймай тұр. Күннің ыстығында өзенге барып, салқын суға шомылып, салқындауды қалайтын тұрғындар саны жетіп артылады. Бірақ өкінішке орай суға шомылудың аяғы қайғыға әкеліп соғып жатыр.

Тұрғындардың суға кетуінің бірнеше себептері бар. Біріншісі, дұрыс жүзу білмесе де  өзеннің терең бөлігіне сүңгіп кетуі, екіншісі судың жағасында балаларды қараусыз қалдыру, үшіншісі мас күйінде суға шомылу, төртіншісі балық аулау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау болып отыр.

Осы ережелерге көңіл аудармай, өз өмірлеріне салғырттық танытқандардың өзенге келіп, суға шомылу жайындағы ойы қайғы әкеліп жатады.

Міне, осыған байланысты облысымызда қауіпсіздің шаралары күшейтіліп, суға шомылушыларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында құтқарушылар жаңа мобильдік көмек шарасын қолға алды.

Ол өңіріміздің Қостанай, Арқалық, Жітіқара қалаларында орнатылған. Қостанай қаласындағы Гагарин көшесінің бойындағы су платинасында суға кету көрсеткіші жоғары болғандықтан осы аймаққа аталмыш мобильдік құтқау жобасы жасалған.

Сондықтан адам өміріне салғырттық танытпай, қайда жүрсе де қашан жүрсе де үлкен жауапкершілікті сезінуі тиіс. Өміріміз өзіміздің қолымызда.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Сурет ғаламтор желісінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77