Правопорядок

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Басты міндет – жасөспірім амандығы

Қостанайда жастар арасында қылмыс деңгейі айтарлықтай азайған

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және олардың құқықтарын қорғауды өздерінің басты міндеттері санайды. Жас өспірімдерге қамқорлық жасау басты орында.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жұмысты ювеналды полиция бөлімшесі жүргізеді. Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Негмет Исмагуловтың айтуынша оның құрамына 162 қызметкер кіреді.

Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру ұйымдарымен және өзге мекемелер арасында «Зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» жобасы аясында едәуір жұмыстар атқарылған. Қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға көмек көрсететін іскер әйелдер қауымдастығы соңғы 4 айтың қорытындысын ұсынды. Жасөспірімдер арасында айтарлықтай қылмыстың азайғанын айтады.

– Жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі 43%-ға төмендеді. Тонау 42%, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 46%-ға төмендеді. Оқу орындарында микроклимат орнату, сондай-ақ, қылмыстық сипаттағы басқа құбылыстарды анықтау мақсатында облыстың барлық мектептерінде 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргізілді, оған 5 мыңнан астам оқушы қатысты. Білім беру ұйымдарында бопсалау, физикалық және басқа да зорлық-зомбылық фактілері анықталған жоқ, – деп атап өтті Негмет Исмагулов.

Оқу орындарында қылмыстың алдын-алу бойынша кешенді шаралардың арқасында оң нәтижеге қол жеткізгендігін байқауға болады.

– Өңірде енгізілген төтенше жағдайға байланысты балалар қашықтан оқыды, осындай жағдайларда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын-алу назардан тыс қалмады. Мектеп инспекторы онлайн режимінде сынып мұғалімдерімен бейнебаян түрінде жұмыс жасауды жалғастырды. Оқу жылының соңына дейін 50-ден астам дәріс сабақтары өткізілді, – деді Негмет Исмагулов.

Кәмелетке толмағандар арасында түңгі уақытта 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарында болғандар анықталған. Осыған орай 646 ата-ана тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылған. Ата-аналарға қатысты 147 материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ісі комиссияның қарауына жіберілген.

– Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу біздің тұрақты бақылауымызда. Тек бірлескен жұмыс пен әр жасөспірімге жеке көзқарас арқылы біз кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың ортасында қолайлы жағдай жасай аламыз деп айтқым келеді. Бұл бағыттағы жұмысты біз жалғастырамыз, – деп қорытты Негмет Исмагулов.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77