Кеше ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒП орталығының ұйымдастыруымен «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» атты халықаралық онлайн семинар басталды.
Семинарға Ұлыбританиядан «Unicorn Language School» мектебінің директоры Роберт Сим қатысып баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Онлайн семинарға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова және облыстық, қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталығынан барлығы 40 маман қатысып отыр. Үш күндік семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Бүгін халықаралық онлайн семинардың екінші күнінде Назарбаев университетінің магистранты А.Құлмағамбетова тілді табиғи тәсілмен оқытудың негіздеуші Трейси Террел мен Стивен Крашеннің әдістемесі жайлы өте мазмұнды баяндама жасады.
Сүлеймен Демирел университетінен А. Арғынбаев «Тілді оқыту үдерісіндегі гемификация» тақырыбында баяндама жасап қазақ тілі сабағында онлайн режимде қолдануға болатын ойын түрлерін көрсетті.
Сонымен қатар белгілі полиглот, Мәскеу инновациялық -коммуникативтік лингвистика орталығының директоры Дмитрий Петров «Современные тенденции в сфере изучения и преподавания иностранных языков» тақырыбында өзінің авторлық тәжірибесімен бөлісті.
Аталмыш семинар жайында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова:
– Халықаралық деңгейде өтіп жатқан бұл семинардың маңызы өте зор. Семинарға қатысып жатқан шет елдің білікті мамандары өздерінің тіл оқытуда қолданып жүрген құралдарын жан-жақты таныстырып, тәжірибелерімен бөлісуде. Білікті мамандардың бірігіп, баяндама жасап, бір-біріне тың мәліметтер беріп отырғаны қуанышты жағдай, – дейді.
Мамандар өзара тәжірибе алмасатын, онлайн семинар ертең де жалғасын табатын болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77