Бүгін Қостанай қаласының барлық 36 мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын, сондай-ақ «Мектебім – мейірім мекені» атты бірыңғай сынып сағаты өтті
Жаңа 2023-2024 оқу жылында отыз төрт мыңнан астам оқушы оқуға барады. Оның төрт мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары болса, мыңнан астамы мектеп бітіруші түлектер.
Сондай салтанатты жиын қаламыздағы нөмірі 115 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында да сән-салтанаты ең өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ринат Мухаметкалиев арнайы қатысты. Іс-шара 1 сыныптың табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге арналды. Сөз алған Ринат Закиұлы мектеп оқушылары мен ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы жаңашылдықтарға тоқталды.
Айта кетейік, биылғы жылы аталмыш мектепте үш бірдей бірінші сынып жұмыс істейтін болады.
Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77