Новости Образование

Тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары арасындағы аймақтық олимпиада өтті

Қала қоржынында 33 алтын, 35 күміс және 40 қола бар

Қаламызда тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары арасындағы аймақтық олимпиада өтті. Білім додасы бәсекесі екі күнге жалғасты. Оған аймақтың түкпір-түкпірінен бес жүзден артық оқушы қатынасты.

– Озат оқушылар олимпиадасын облыстық білім басқармасы жыл сайын өткізеді. Бұл дода аймағымызда дәстүрге айналған. Осындай бәсекелердің мектеп оқушыларына берері мол. Білім шынына жетелеп, ілімдерін жетілдіруде тигізер пайдасы зор. Бәсекеге қабілетті үрпақ қалыптастырудың алғашқы баспалдағы осындай олимпиадалар десек артық емес, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Баймаханова.

Үшінші кеңеңіне білім сайысына қаламыздың 24 оқу ордасынан 208 шәкірт қатынасты. Айталық, олимпиданың үшінші кезеңі бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәнінен 9 оқушы, орыс мектебіне қазақ тілінде сабақ жүргізілітін білім ордасынан 15 оқушы, орыс тілі және әдебиетінен 34 оқушы. Ал, қазақ тілді мектептегі орыс тілі пәнінен 7 оқушы, қазақстан тарихы пәнінен 16 шәкірт, ағылшын тілінен 28 білім алушы, неміс тілінен 6, француз тілінен 4, математикадан 12, физикадан 9, химиядан 12 оқушы, биологиядан 17, информатикадан 4 оқушы, географиядан 13, заң пәнінен 22 шәкірт қатынасты.

Олимпиада екі бағыт бойынша өткізілді. Олар, қоғамдық гумманитарлық және жаратылыстану математикалық пәндер бойынша.

Ал, қала бойынша үшінші кезеңге 208 оқушы қатысса, оның 108-і республикалық олимпиадада жүлдегер атанды. Қала қоржынында 33 алтын, 35 күміс және 40 қола бар.

Ал, Облыстық мпктептер арасында «Үздік олимпиадалық мектеп» номинациясы қалалық С.Мауленов атындағы гимназияға берілді.

 

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77