Туған жерге ту тіккен

Туған жерге ту тіккен

Комментарии к записи Туған жерге ту тіккен отключены


Сүндет Байғожин: Ел аманаты – ерге қанат!


Сонау ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған қазақ операсы, алғашында халықтық ән-күй, ұлттық музыка негізінде жазылып, көрерменге пьеса және драма түрінде ұсынылды.

1934 жылы Е.Г. Брусиловский казақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібекті», одан кейінгі жылдары Жұбанов пен Л.А. Хамиди «Абай» (1944), М.Төлебаев «Біржан — Сара» (1946) және Ғ.Жұбанова «Еңлік-Кебек» (1975) қойылымдары ұлттық операны кәсіби тұрғыда жоғары деңгейге көтерді. Егемендік алғаннан кейінгі жылдары қазақ операсы ұлттық құндылықтарымызды шетелдік тәжірбиемен сабақтастыра отырып дамыды.

Бүгінде бұл үрдісті жалғап, өнерімен талайды тәнті етіп келе жатқан дарынды жастар Қазақстанның имиджін әлемге танытуда. Солардың бірегейі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, баритон дауысты опера әншісі — Сүндет Байғожин.
Ол киелі Торғай жерінен шығып, топ жарып, бүгінде танымал опера әншісіне айналды. Өнерге деген ынта-ықыласының арқасында мектеп қабырғасында жүріп, шағын қойылымдар сахналап, шет тілдерін үйренуге қызығушылық танытуы оның қазіргі жетістіктерге деген алғаш-қы қадамы еді.

Бүгінде сол ізденістің нәтижесінде «Қазақтың баритоны» атанды. Үнемі еңбекпен келген жетістіктерінің бірі, әлемдік сахналарда өнер көрсетуі. Ол Нью-Йорктегі «Карнеги-Холл», «Берлин Филармониясы», Париждегі «Шанзелизе», «Вена Концертхаус» сынды әлемдік даңқты саханаларда көрермен қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, Түркия, Иордания корольдігі, Беларусия, Жапония, Италия, Ресей және т.б. елдерде гастрольдік іссапарларда болды.

Сүндет Байғожин бүгінде Италияның «Carlo Felice» театрына арнайы шақыртуымен барып, опера отаны саналатын елде әлемнің үздік әншілерімен бірлесе өнер көрсетіп жүр. Биыл ол «Carlo Felice» театрында дирижер Джузеппе Аквавива, режиссер Лоренцо Амато сынды өнер саңылақтары ұйымдастырған «Мадам Баттерфляй» қойылымында талантымен шетелдік тыңдарманның зор ықыласына ие болды. Болашақта италиялықтармен бірлескен жобаларды жалғастырмақ ниетте. Келер жылы «Севиль шаштаразы» қойылымын жаңаша үлгіде көрерменге ұсыну жоспарланып отыр. Сондықтан Фигароның партиясын Римде орындау мәртебесі Сүндет Байғожинге бұйыруы мүмкін.

Сондай-ақ, Торғай жерінің тумасы еуропалықтарға қазақ өнерін насихаттау бағытында да біраз жұмыстар атқаруда. Ол бірнеше жыл бұрын «Carlo Felice» сахнасында италиялықтарға ұлттық нақыштағы туындыларымызды ұсынып, «Абай» операсын қазақ тілінде қойған болатын.

Алдағы уақытта ол өзінің репертуарындағы Әнет баба («Қалқаман-Мамыр» Б. Қыдырбек), Оспан («Қамар сұлу» Е. Рахмадиева), Қожагұл («Біржан-Сара» М. Түлебаева) сияқты шығармаларды шетелдік тыңдарманға ұсынуды жоспарлап отыр.

Сүндет Байғожин көп уақыт шетелдік сахнада жүргенімен, өзінің туған жерін, халқын, олардың ыстық ықыласын ұмытқан емес. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жерге туың тік» жобасы аясында жас буынға үлгі көрсетіп, партиоттық сезім қалыптастыру мақсатында алғашқы жеке концертін туған мекені Қостанай облысында өткізді.

Көрерменін әсем әнмен сусындатып, елінің намысын абыроймен алып жүрген Сүндет өскелең ұрпаққа үлгі. Оның өнеріне қызығып, өмірін опера саласымен байланыстырып жатқан жастар да аз емес…

Сералы МЫРЗАБАЙ

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись