Образование

ҚӘТУ-де білім алған 710 жас маман диплом иегері атанды

Бүгін академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде диплом тапсыру рәсімі өтті. Бұл күн университет тарихында ерекше орын алады – биыл оқу орны өзінің 25-ші, мерейтойлық түлектерін шығарып салды. Биыл жоғары білім туралы дипломды 710 студент алды.

Салтанатты шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Студенттер, оқытушылар, ата-аналар мен қонақтар шын жүректен шыққан эмоцияларымен бөлісіп, сахнадан болашаққа үлкен үмітпен аттанған сәттердің куәсі болды.

Университет ректоры Руслан Абдуллин түлектерге арнап құттықтау сөз сөйледі:

— Бүгінгі күн – әрбір түлек үшін ғана емес, бүкіл университет ұжымы үшін маңызды оқиға. Біз 25-ші, мерейтойлық түлектерімізді шығарып салып отырмыз және олардың әрқайсысымен мақтанамыз. Осы жылдар ішінде сіздер білім алып қана қоймай, тұлға ретінде де қалыптастыңыздар. Бүгінде ҚӘТУ аймақтағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындармен тығыз әріптестік орнатқан, студенттерімізге тәжірибеге бағытталған білім беруді қамтамасыз етіп отыр. Біз заман талабына сай дамып, әрдайым алдыңғы қатарда болуға ұмтыламыз. Баршаңызға жаңа өмір жолында сәттілік тілеймін, – дейді ректор.

Салтанатты іс-шара дипломдар табысталып, естелік суреттер түсіріліп, ата-аналар мен ұстаздардың жүрекжарды тілектерімен жалғасты. Алда түлектерді жаңа белестер мен үлкен мүмкіндіктер күтуде. Оларға өмірлік жолда бағыт берген университет әрдайым сенімді тірек болып қала бермек.

— Осы жылдар көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті, бірақ жүрегімізде ұмытылмас естеліктер қалдырды. Ұстаздарымызға – білім мен шыдамдылықтары үшін, достарымызға – қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Бұл университет бізге тек білім емес, өмір мектебін де берді. Біз осы оқу орнын бітіргенімізді мақтанышпен айтамыз!-, деп өз қуанышымен түлектердің бірі Алина бөлісті.

Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77