Бүгін қала тұрғындары жарықтың өшуіне байланысты шағымдануда. Біз бұл сұрақтың жауабын “ЭКП-forfait” ЖШС мамандарынан сұрап білдік.
– Қазіргі уақытта жарықты қалыпқа келтіруге 5 бригада жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде инженерлік-техникалық құрамының мамандары да тартылған. Бүгін қаламызда 2-Қостанай (толық), Цветочые көшесі мен өткелдер, Летунов, Шаяхмет, Ю.Журавлев, Чехов, Фролов және Гольдаде көшелері жарықсыз қалып отыр. Жарық қашан берілетіні белгісіз. Барлық олқылықтарды қалпына келтіргенше жұмыс істейтін боламыз, – дейді сала маманы.
Бүгінгі ауа райынын қолайсыз болуы да жұмыс істеуге өз кедергісін туғызып жатқанын айтады.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77