Музей қызметкерлері қала тұрғындарын жаңа жәдігерлермен танысуға шақырады
Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қоры жаңа жәдігерлермен толықты. Музейдің эксководы Шынар Дусмагамбетованың ұйытқы болуымен еліміздің ғылым-білім саласын дамытуға зор үлес қосқан, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, академик Кенжеғали Сағадиевтің ағаштан оюланып, сән-салтанаты келіскен домбырасы мен 3 гүл құмырасы музейдің қорына берілді.
Осынау құнды жәдігерді музей ұжымына Кенжеғали Сағадиевтің ұлы Халықаралық бизнес университетінің проректоры Ербол Сағадиев арнайы келіп, табыс етті.
– Академиктің осынау құнды дүниелері музейіміздің төрінен орын алды. Мұндай баға жетпес жәдігерлерді қала тұрғындарына таныстыру өте мағызды. Сондай-ақ ғалымның ұлы Ербол Кенжеғалиұлы әкесінен қанған басқа да құнды мұраларды алдағы уақытта музейге тарту ететініне уәде берді, – дейді музейдің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77