Біздің Қостанай

Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы

Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейіне 30 жыл

Биыл – балалар әдебиетінің жылы. Олай дейтініміз Ұлы ағартушы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы.

Сонымен қатар бірнеше айтулы даталар қаз-қатар тізіліп тұр. Айталық, Тәуелсіздіктің төл құрдасы Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейіне 30 жыл, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасына 60 жыл.

Осыған орай, Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесе көрме ұйымдастырды. «Мерейлі жылдағы маңызды міндеттер» ауқымды көрмесі көрермендер назарына ұсынылып, онлайн-экскурсия өткізілді.

Бұл шараны Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесе ұйымдастырды.

Музей басшысы тікелей қосылым барысында осы айтулы даталарға тоқталып, құттықтауын білдірді.

– Іс-шара барысында көрменің ашылу лентасы қиылып, жиналған қауымға Zoom платформасы арқылы көрме таныстырылды. Музей қорындағы Ыбырай мұрасының құнды фотоқұжаттары, жәдігерлердің суреті мен оқулықтары көрме сөресінен орын алды, – деп атап өтті Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов.

Сонымен қатар, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай облыста атқарылатын жоспарлы жұмыстардың бірқатарымен бөлісті.
Іс-шараның соңында музейдің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева музей экспозициясы бойынша онлайн экскурсия жүргізіп, Ы.Алтынсариннің құнды жәдігерлерімен таныстырды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған музей қызметкері


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77