Культура

«Ыбырай оқулары» атты облыстық байқау онлайн форматта өтті

Онда жүлдегер атанған қатысушыларға ыбырайтанушы-ғалым Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабы табыс етілді

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай оқулары» атты облыстық байқау онлай форматта өтті.

Негізгі мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыру, рухани асыл-мұраларын насихаттау, жазушының шығармалары арқылы қоғамдық ынтымақтастықты орнықтыру, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру.

Байқауға 18 – 29 жас аралығындағы жастар, барлығы 39 адам қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша  «Менің пірім – Ыбырай» номинациясына Қостанай қаласының №14 мектебінің мұғалімі А.Аманбаева, «Алтынсарин мұрасының білгірі» номинациясына Арқалық қаласы №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Е.Әуезхан, «Ыбырайды оқимын да тоқимын» номинациясына Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы И.Мусинов иеленді.

Байқауда бақтары жанып, жүлделі орындарға ие болғандар арнайы сыйлықтарға ие болды. Бұл ретте
І орынды Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 мектептің мұғалімі АСәлімжан, ІІ орынды Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қор бөлімінің сектор меңгерушісі С.Мырзабай,
ІІІ орынды Сарыкөл ауданының Урицк мектеп-лицейінің мұғалімі Е.Өміртай иеленді.

-Байқау барысында жастар бір жағынан Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын жақсы білетіндіктерін көрсетті. Оны тек оқып қоймай, ондағы өнегені жадына тоқуды да басты назарда ұстағандары жүлделі орындарға ие болды. Танымдық-тағылымдық жағы мол бұл байқауда тек білімді де білікті жас мамандар бақ сынады,-дейді тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Жүлдегерлер Дипломмен,  ыбырайтанушы-ғалым Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабымен, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнайы жасалған статуэткалармен марапатталды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77