Өз ойларын ортаға салды

Өз ойларын ортаға салды

Загрузка...


Дөңгелек үстелде өзекті жайлар қамтылды

Еліміздегі мемлекеттік мереке -Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қостанай шаһарындағы «Достық үйі» ғимаратында аталмыш маңызды датаға орай «Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы этномәдени бірлестіктерінің рөлі» деп аталатын дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оған есімдері елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері Қалқаман Жақып, Серікбай Шаймағанбетов, «Тіл дарын» облыстық орталығының директоры Гүлнәр Талапова және этномәдени бірлестіктеріндегі оқытушылар қатысты.

Онда облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қазымбек Ахметов жиналғандардың алдында сөз сөйледі. Ол үстіміздегі жылы республикалық басылымдарда жарық көрген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани-жаңғыру» деп аталатын құнды мақаласының еліміздің өмірінде алатын орнына жан-жақты тоқталды.

-Бұл бағдарламалық мақала барша қауымға тың жігер берді. Алдағы жылдары мемлекетімізде атқарылатын келелі міндеттер нақты айқындалды. Сондықтан да онда айтылған өзекті мәселелерге үлес қосу — баршамыздың мақсатымыз, — деді Қазымбек Ахметов.

Осы жиында қатысушылар көп жайды көңілдеріне түйді. Күн тәртібіндегі маңызды жайларға байланысты өз ойларын ортаға салды. Жиынға қатысқан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Айгүл Олжабаеваның айтуына қарағанда, мұндай дөңгелек үстелдердің берері қашан да мол.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись