Заң баршаға ортақ

Тәртіп сақшысы сотталды

Жақында Қостанай қаласының №2 соты жұбайына қасақана орташа ауыр дене жарақатын салғаны үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған бұрынғы полиция қызметкері Д-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 16 шілдесінде сағат 18.00 шамасында Д. қызымен кездесу үшін Қостанайдағы Строительный көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің біріне келеді.

Бұрынғы жұбайымен кездескен Д. қайта қосылуды ұсынады. Алайда жұбайының үзілді-кесілді қарсылығын естіген жігітте оған қастандық жасау ойы туындайды.  Арам ойын жүзеге асырмақ болған Д. кішкентай қыз баласын таныстарының үйіне апарып тастайды.

Содан кейін бұрынғы жұбайы А-ның қарсылығына қарамаған сотталушы Федоров тас жолымен қала сыртына шығып, жұбайын көлік ішінде жұдырық астына алып, соққыға жыққан.

Сот үкімімен Д. ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушы 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

ҚР ҚК 49-бабы негізінде Д. полиция капитаны арнайы шенінен айырылды.

Жәбірленуші А. пайдасына сотталушыдан 250 мың теңге материалдық, 450 мың теңге моральдық залал өндірілді.

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись