Образование

Жұлдыздың жұлдызы жанып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды

Жұлдыз Ибраева «Базар Оңдасұлының шығармаларындағы адамгершілік» тақырыбында жұмыс қорғады

Қазіргі таңда ғылым жолына, білім жолына деген қызуғышылықтары артып жүрген балалар саны көбеюде. Көптеген халықаралық білім сайысында жетістіктерімен көзге түсіп, көш бастаған жас ғалымдарымыз ғылыми білімдерімен қазақ халқын қуантып жүргендері баршылық.

Осы мақсатта жас жеткіншектер арасында 2020 жылдың 16 қарашасында Қостанай Дарын өңірлік ғылыми практикалық орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Сол ғылыми жоба сайысына Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың білім қуған, ғылым қуған – Ыбырайдың ұрпақтары да қатысты. Ыбырай ізбасарлары терең білімдері мен астарлы ойлары арқасында жақсы дәрежеге қол жеткізді.

Сыныптасымыз Ибраева Жұлдыз қазақ тілі мен әдебиет секциясынан Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасында ұрпақ сабақтасты, рухани құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Базар Оңдасұлының шығармаларындағы адамгершілік» тақырыбындағы жұмысымен қатысып, жүлделі III орынды иеленді.

Жұлдыз құрбымыздың толағай табысына біз, қатты қуанып қалдық. Ибраева Жұлдыздың ғылыми жетекшісі: ҚМПУ филология ғылымдарының кандидаты Есіркепова Кенжегүл Қабылғазиқызына алғысы шексіз екенін, сұхбат барысында құрбым, аса бір тебіреніспен жұдырықтай жүрегіндегі қуанышын жеткізе білді.

Сыныптасымыз Ибраева Жұлдызға ғылым жолында үлкен жетістіктер тілей отырып, өзіміздің 5 сыныптан қазақ тілі мен әдебиет пәнінен білім беріп келе жатқан аяулы да сүйікті апайымыз, Булекбаева Жұмаш Советқызына да сан мәрте ризашылығымызды білдіреміз.

Осындай ақылшы ұстаздарымыздың арқасында Ыбырай мектебінің шәкірттері болашақта білім қуған, ғылым қуған, өз қазақ елінің азаматтары болып шығады деген ниеттеміз.

Саяжан МУТОНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-интернаттың
7 «А» сынып оқушыс


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77