Жұртшылықтың көңілінен шықты

«Жайдарман» ойындарына көпшілік дән риза

Жуырда «Мирас» мәдениет сарайында «Жайдарман» ойындарынан жартылай финал болып өтті. Бұл қызықты да тартымды сайысқа 8 команда қатысты. Олардың екеуі Ақтөбе қаласының талантты жастарынан тұрады. Қалғандары облысымызға қарасты аудандары мен қалаларының құрамалары.

Көпшілікті көп күттірген «Жайдарман» жартылай финалында нағыз ізденіс үстінде жүрген топтар дараланып, көзге түсті. Олардың қатарында Ақтөбенің «Глюкоза», Қостанайдың «Парламент» командалары бар.

Өңіріміздегі «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының төрағасы, «Жайдарман» ойынын ұйымдастырушы Марғұлан Бәкірдің айтуына қарағанда, бұл сайысқа барлық командалар үлкен дайындықпен келіпті. Олар көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді әзіл-қалжың арқылы көрермендердің жүрегіне жеткізді.

Әсіресе, Ақтөбелік екі топтың өнері жиналғандарды тәнті етті. Жергілікті жігіттер де жыл санап, шығармашылық жағынан өсіп келе жатқандықтарын дәлелдеді.

Осылайша «Мирас» мәдениет сарайында ұйымдастырылған  «Жайдарман» ойындары басқосқан үлкенді-кішілі қауымның көңілінен шығып, жұртшылық үйлеріне дән риза болып тарасты.

Бетті дайындаған Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись