Біздің Қостанай ЖКХ

Жаңа жылдан бастап тұрғын үйлер қымбаттады

Қостанайда пәтер бағасының өсуі тұрғындар арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Әсіресе, Жаңа жылдан кейін тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 1–2 миллион теңгеге қымбаттағанын көптеген тұрғындар атап өтуде.

Бұл өзгерістер жас отбасылар мен тұрғын үй сатып алуды жоспарлап жүрген азаматтар үшін үлкен қиындық туғызуда. Бағаның өсуінің басты себептері барлық заттардың қымбаттауы. Әсіресе, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы құрылысқа кедергі келтіріп, тұрғын үй нарығына үлкен әсер етуде. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының қымбаттауы да бағаға әсер етуде. Мысалы, цемент, металл және әрлеу материалдары құнының өсуі құрылыс компанияларын пәтерлердің бағасын көтеруге мәжбүрлеуде. Инфляция және ұлттық валютаның тұрақсыздығы тұрғын үй бағасына ықпал етуде. Бағалардың күрт өсуіне тұрғындардың өзі де наразы. Олардың айтуынша, бұл жағдай тек қана пәтер сатып алуға емес, жалға алу нарығына да әсер етіп жатыр. Жағдайды одан әрі қиындатып отырған жайт – мемлекеттік бағдарламалардың сұранысты көбейткенімен, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ете алмауы.

Тұрғындардың пікірі

Тұрғындардың пікірінше, соңғы айларда баспананың бағасы тұрақты емес. Айгүл есімді тұрғын бұл туралы былай дейді:

– Жаңа жылға дейін біз екі бөлмелі пәтерді 15 миллион теңгеге сатып алмақ болдық. Бірақ қаңтар айында ол пәтердің бағасы 17 миллионға жетті. Бұл біздің отбасымыз үшін өте ауыр болды. Өйткені қажетті қаражатты жинау мүмкін болмады.

Бағаның өсуі жастар мен жас отбасылар үшін тұрғын үй сатып алуды қиындата түсуде. Мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, алғашқы жарнаны жинау және ипотекалық төлемдерді өтеу көптеген отбасыларға ауыр тиіп отыр.

– Мен ипотека алуды жоспарлап жүргенмін, бірақ қазір табысыма сай келетін пәтер табу мүмкін емес. Бұрынғы бағаға сатып алуға болар еді, бірақ қазір пәтерлердің құны кемінде миллионға өсті. Ал жалға алу ақысы да аспандап тұр, – дейді Евгений есімді жас әке.

Халық арасында ипотекалық бағдарламалар туралы ақпаратты кеңейтіп, олардың шарттарын жақсарту қажеттілігі де айтылуда. Кейбір сарапшылар құрылыс саласын цифрландыру мен автоматтандыру арқылы шығындарды азайтып, нарықты тұрақтандыруға болатынын алға тартады. Бұл құрылыс үдерісін жылдамдатуға және тұрғын үй бағасын төмендетуге септігін тигізуі мүмкін.

Бағаның өсуінің салдары

Қала тұрғындарының пікірі бойынша, тұрғын үй нарығындағы жағдайды жақсарту үшін билік нақты шешімдер қабылдауы керек. Әйтпесе, көптеген азаматтар үшін баспана сатып алу мүмкін еместей көрінеді. Баға өсуінің салдары тек халықтың әлеуметтік жағдайына ғана емес, жалпы экономикалық ахуалға да кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, көптеген отбасылар табысының едәуір бөлігін жалға алу мен ипотека төлемдеріне жұмсап, басқа қажеттіліктерін шектеп отыр. Сонымен бірге, жоғары баға халықты қала маңы аудандарына көшуге мәжбүрлеуде. Бұл жағдай инфрақұрылымы әлсіз аймақтарда халық санының күрт артуына және жаңа әлеуметтік мәселелердің туындауына әкелуі мүмкін.

Тұрғын үй нарығын тұрақтандыру мақсатында билік пен құрылыс компанияларының бірлескен әрекеті қажет. Егер бұл шаралар уақытылы жүзеге асырылса, Қостанай тұрғындары үшін баспана сатып алу арман емес, шынайы мақсатқа айналуы мүмкін. Ең бастысы, тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету тек әлеуметтік тұрақтылықты ғана емес, экономиканың дамуын да қолдайды.

– Жаңа жылдың алдында үй алып алғанымыз жақсы болды. Өйткені дәл сол біз қараған үйлер қазір қымбаттап кеткен. Мысалы Береке шағын ауданында 16000000 теңге болған, қазір 18000000 болып өсіп кетіпті, – дейді қала тұрғыны Базаркүл.

Қостанайда жаңа құрылыстардың саны жыл сайын артып келеді. Алайда, кейбір әзірлеушілер ұсыныстар бүгінгі күнге дейін сұраныстан асып түседі деп санайды.

– Қазір тұрғын үй сатып алу өте белсенді емес. Жылжымайтын мүлікке ақша салғысы келетіндер бағалары тұрақты болған кезде бәрін бұрыннан сатып алған. Тағы бір себеп – құрылыс салушылар санының өсуі. Шамамен 10 жыл бұрын олардың саны аз болды, қазір 20-30 компания бар, барлығы бір қалаға, – дейді құрылыс салушы Кенжетай Айтқожинов.

Біз осыған орай Қаламыздың әр бөліктерін қарап, бір, екі, үш бөлмелі үйлердің орташа бағасы жайында кесте құрадық. Олардың ішінде қала орталығында қымбатырақ. Барлық деректерді Krisha.kz. қосымшасынан алдық. Айта кету керек, мысалы жаңа жыл алдында жарияланған сатылымдар, қазір хабарласқанда “ол баға дұрыс емес, қазір барлығы өсуде” деп басқа бағаны айтып жатады.

Құрылыс салушы және доллар бағамының Қостанайдағы бастапқы тұрғын үй бағасына әсерін атап өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 527 теңгені құрайды, оның үстіне өсім одан әрі жалғасады деген пікір бар. Мадияр Джагапаров бұл шаршы метрдің құнына әсер етпейтініне сенімді. Себебі, құрылыс салушы кейбір Құрылыс және әрлеу материалдарын, сондай – ақ техниканы шетелден сатып алады және пәтерлердің қорытынды бағасы оның құнына байланысты.

Тұрғын үйді сату бағасы баяу көтеріліп, жыл бойына іс жүзінде төмендемейтін болса, жалдамалы пәтерлердің құны өзгермелі белгілермен сипатталады. Бұл қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жалға алуға қатысты.

Жалға алу

Мұнда тұрғын үйдің құны жалға алынған айға байланысты. Мәселен, мамыр-маусым айларында пәтер жалдау бағасы сұраныстың теріс динамикасына байланысты жыл сайын төмендейді. Студенттер үйлеріне, туған қалалары барады, осылайша пәтерлерді босатады. Керісінше себептермен, оқу жылы басталар алдында бағалар қайтадан көтеріледі. Бірақ бағаның жыл сайынғы 5-10% өсуі туралы ұмытпаңыз.

Ұлттық статистика бюросы Қостанайда жалға берілетін жайлы тұрғын үй құнының өскенін де атап өтті. Егер 2023 жылғы қарашада шаршы метрдің бағасы бір шаршы метрге шамамен 2,5 мың теңгені құраса, ағымдағы жылы оның құны 2,7 мың теңгеге дейін өсті.

Бағаның өсуіне байланысты сұраныстың артуы аясында жалға берілетін тұрғын үйдің жетіспеушілігі байқалады. Сайт талдауының мәліметтері бойынша Krisha.kz. пәтер иелері пәтерлердің құнын үнемі көтеріп отырады, бірақ көптеген жалға алушылар жаңа бағалар бойынша тұра алмайды.
Ағымдағы жылы Қостанайда тұрғын үй бағасы қайтадан өсті. Бұл жаңа ғимараттарға да, ескі тұрғын үй қорына да, тіпті жалға алуға да қатысты.

Шаршы метр бағасының өсуіне келетін болсақ, мұнда пікірлер екіге бөлінді, бірақ аналитика алдыңғы жылдары тұрғын үй тез қымбаттамаса да, ол арзандамайтынын көрсетеді. Оған қоса біреуі тұрғын үйдің бағасын қымбаттатса, екінші, үшінші қымбаттатып жібереді. Сондықтан оның түскендігін күтпей, сатып алған жөн.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77