Жастар белсенділік танытуда

Жастар белсенділік танытуда



Мұны академия өмірінен де айқын байқайсыз

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының дәріс залында 1-3 курс жеке құрамына тәрбие жұмысы бөлімі мен курс жетекшілерінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде бейнеролик көрсетілді.

Бұл бейнероликте мемлекет басшысының мақаласында көтерілген сананы жаңғырту, ұлттық болмыс, ұлттық код және алда тұрған мақсат-мүдделер туралы айтылды.

Сондай-ақ онда Қазақстанның гуманитарлық білім жолындағы қол жеткізген жетістіктері, Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиясының жаңа бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы негізгі бағыттары, сонымен қатар бүкіләлемдік, жаһандық экологиялық мәселелер де қамтылды.
Қазіргі таңда еліміз алға қарай қарышты қадамдар жасауда. Баршаға мәлім, республикамызда технологиялар да дами түсуде. Бұл күндері басқа да алдымызда үлкен маңызды мәселелер тұрғаны белгілі.

Бетті дайындаған Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись