Социум

Жазғы демалыс — балаңызға қалай хабарласасыз

Жазғы демалыс кезінде бала мектеп мұғалімдерінің бақылауында болмайды, сондықтан байланыста болу өте маңызды. 2ГИС геосервисіндегі танымал «Картадағы достар» функциясы балаларды бақылауға көмектеседі.

Балаңызды 2ГИС картасында «Достар» тізіміне қосыңыз — енді сіз бір-біріңіздің жүрген жеріңізді көріп, чатта хабар алмаса аласыздар. 2ГИС баланың әжесінің үйіне жеткенін немесе, мысалы, қазір аулада ойнап жүргенін көрсетеді. Жүрген жерінен басқа, сіз телефонының зарядтау пайызын көре аласыз және 2ГИС тікелей чатында балаңызға қайта қуаттау уақыты келгенін ескертесіз.

Сіз тіпті кеңседе отырғанда да балаларыңызды уайымдамайсыз, өйткені геолокация автоматты түрде жаңартылады және бөгде адамдарға қолжетімді емес. 2ГИС-те достар картада бір-бірін өзара келісім бойынша көреді, басқа пайдаланушылар сіздің немесе балаңыздың қайда екенін біле алмайды.

Балаларыңыздың жиі баратын орындары бар ма? Сіз картадан «Музыка мектебі», «Футбол», «Әжесінің үйі» сияқты таңдаулы орындарды жинап, хабарландыруларды реттей аласыз. Бала осы орындардың біріне барғанда сіз 2ГИС-тен хабарлама аласыз.

Отбасы мүшелерінің әрқайсысымен жеке хат алмасудан басқа, топтық отбасылық чаттар да бар. Сіз балаларға және басқа отбасы мүшелеріне картада эмодзи жібере аласыз, жүрген жерін көріп, хабарламалар жібере аласыз. Балаңыз немесе жолдасыңыздың жақын маңдағы дүкенде жүргенін көрдіңіз бе? Кешкі асқа қажет сатып алу тізімін бірден чатқа жіберіңіз!

2ГИС картасына достарды қалай қосады?

  1. Кез келген ыңғайлы тәсіл арқылы 2ГИС-ке кіріңіз;
  2. Төменгі бақылау тақтасында «Достар» бөлімін ашып, қолданбаға геолокацияға кіру үшін рұқсат беріңіз;
  3. «Достарды қосу» батырмасын басыңыз. Балаңызға шақыру сілтемесін жіберіңіз немесе Бамп жасаңыз — телефондарды бірге шайқаңыздар;
  4. Балаңыз сіздің Картада дос болуға шақыруыңызды қабылдап, 2ГИС-ке геолокацияда рұқсат бергеніне көз жеткізіңіз.

Дайын! Достарыңыз рұқсат етсе, олардың геолокациясын картада көресіз. Егер сізде қиындықтар немесе сұрақтар туындаса, бізге хабарласыңыз – мәселені шешуге көмектесеміз.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77