COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102323

Выздоровевших

107529

Зарегистрированных случаев

3472

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Біздің Қостанай

«Жаздың бір күні – қыстың мың күніне татиды»

Жеміс-жидек пісіп, тосап қайнату науқаны қыза түсті

Жайдарлы жазда жеміс-жидек теріп, оны сату немесе одан тосап қайнату науқаны басталады.

Тамылжыған тамыз айында жидектің барлық түрі толығымен піседі десек қателеспеген болармыз.Бүгінде бау-бақшаларда құлпынай, бүлдірген, шие, алма, алмұрт теру науқаны жүріп жатыр. Осы ретте біз қаламыздағы базарларды аралап, өзімізде өсетін және сырттан әкелінген жемістердің бағасына зер салған едік.

Қазір жергілікті бау-бақшаларда өсетін құлпынайдың бір литрі 1000 теңгеден. Ал шиенің 1 шелегі 1500-2500 теңгеден сатылып жатқанын байқадық.

Базар сөрелерінде сырттан әкелінген жемістердің бағасының шарықтап тұрғаны бірден көзге түседі. Мысалы, өріктің бір келісі 600 теңге, егер бір жәшігін алғыңыз келсе, сатушылар келісін 500 теңгеге беругі әзір. Бірақ, жәшіктің ішінде 8-10 келі жеміс бар екенін есептеп көрсеңіз, өріктің құны қалтаңызға ауырлау түсетінін байқайсыз.

Сонымен қатар базарларда жеміс-жидектің аз екені де байқалады. Бұны ондағы сатушылар қазіргі әлемде жүріп жатқан қауіпті дерт коронавируспен күресу мақсатында енгізілген карантин режимімен байланыстырып отыр.

– Мен жылда бақшамда өсетін шиені базарға шығарып сатамын. Биыл сырттан әкелінген жемістер аз, соған байналысты олардың бағасы да қымбат. Ал өзімізде өсетін шие қымбат емес, сондықтан алушылар да көп. Бақшада өсіп тұрған шие де жеткілікті. Еліміздің Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан алып сатарлар келіп, шиенің 10 литр шелегін 2000-2500 теңгеге сатып алып кетіп жатыр. Ал алма мен алмұрттың әлі де толық піскенін күтіп жүрмін, – дейді сатушы Айдана Ақтамбетова.

Жеміс піссе әр үйде тосап қайнатылатыны белгілі ғой. Тосап қайнатқанда көп пайдаланылатын қанттың бағасы дүкен сөрелерінде 200 теңгеден жоғары. Қазіргі таңда көптеген отбасылар шиеден, құлпынайдан, бүлдіргеннен тосап қайнатып үлгерді. Енді бау-бақшаларда алма мен алмұрттың толық пісуін күтіп отыр. Жылда тосапты көптеп қайнатып, жаз қыстың қамын ойлайтын Ботагөз Ернешбаеваны сөзге тартқанымызда, ол:

– Мен қазір бақшамда піскен құлпынайдан тосап қайнатып қойдым. Енді шие теріп, одан да тосап пен компот қайнатып жатырмын. Жылда шие пісетін кезде бір қап қант алып қыстай жейтін тосап дайындаймын. Жаздың тәтті тосаптарын қыста аңсайсың ғой. Жемістің құрамында болатын дәрумендер де өте пайдалы. Әсіресе, бүлдіргеннен тосапты көп қайнатуға тырысамын өйткені, оның қыс уақытында тұмауратып ауырған кезде денсаулыққа пайдасы өте зор, – деді.

Сондықтан жаздың жайма шуақ күндерінде уылжып піскен жемістен тосап қайнатуға асығыңыздар.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77