Социум

Желтоқсан айында 359 отбасына көмек жасалған

Қамқорлыққа мұқтаж жандардың мешіт ұжымына айтар алғысы зор

Қостанай облыстық мешітінің жанындағы «Қайырымдылық және Зекет» қорының қызметкерлері уақытпен санаспай жұмыс істеп, өтіп бара жатқан жылы өңірде қаншама қамқорлыққа мұқтаж жандардың ризашылығына бөленді.

Осы қордың жетекшісі әрі найб имам Бақытжан қажы Икрамның айтуына қарағанда, желтоқсан айында облыста 359 отбасына көмек көрсетілді.

Аймақта 38 қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Әрине, бұл игілікті жұмыстардың бәрі де демеушілер мен жүрегі жомарт азаматтардың қолдаулары арқасында жүзеге асырылды.

-Бұл қайырымдылық шаралары мешіттердің негізі жұмыстарының бірі және бірегейі. Сондықтан алдағы уақытта да жалғаса беретін болады. Ат салысам, демеушілік көмек көрсетем деушілер мешіттерге хабарласса болады. Көмекке зәру жандарға қолдау көрсету мұсылман жанның басты парызы, – дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

«Кең болсаң, кем болмайсың» деген қазақ халқында ұлы сөз бар. Сондықтан айналамыздағы жандарға мейірімізді төгіп, қалымыздан келгенше көмектесіп жүрсек өмір гүлдене түсері анық емес пе. Қайырымдылық – ұлы іс екенін ұмытпайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77