Социум

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» демекші, тіл үйренемдеушілерге есік ашық

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында оқу курстары жалғасын табуда

Орталықта 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік тіл, ағылшын тілі және этникалық топ өкілдерінің тілдерінен (татар, башқұрт, кәріс, поляк, армян, түрік) оқу курстары қашықтан оқыту форматында өз жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ, қазақ тілін еркін форматта үйрететін «СөйлеTime» клубының ІІ маусымы басталып, клуб жұмысын одан әрі жандандыра түсу жоспарда.

Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты 30 ашық бейнесабақ түсіру, тіл мамандарымен тіл саясатының жүзеге асырылу барысы жөнінде сұхбаттар ұйымдастырып «Тәуелсіздікке тағзым» айдарын жүргізу, 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл апталығын» өткізу, Ұлы ағартушы, дара ұстаз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Дала қоңырауы» атты танымдық сабақтар өткізу айлығын ұйымдастыру сияқты жұмыстарды қолға алынатын болды.

Тілдерді дамыту басқармасының желілік кестесіне сәйкес ҚР айтулы күндеріне орай түрлі ашық сабақтар мен танымдық сабақтар ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, 30 тамыз – Конституция күніне орай «СөйлеТайм» клубы мүшелерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл және Ата Заң» атты интеллектуалдық танымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабақта мақал-мәтелдер мен тыйым сөздердің мәнін ашу бойынша викториналық сұрақтар қойылып, қызықты тапсырмалар орындалды.

Одан басқа, салалық қазақ тілін дамытуға басымдық беру мақсатында орталық базасында Полиция бөлімі басшыларына, Қорғаныс департаменті қызметкерлеріне қазақ тілін, Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Қостанай авиациялық бақылау-өткізу пунктінің әскери қызметшілері үшін ағылшын тілін үйретуден қысқа мерзімді курстар басталады.

Сондай-ақ, Қостанай қаласының тұрғындары үшін келесі оқу жылына мемлекеттік тіл, ағылшын тілі, этникалық топ өкілдерінің тілі курстарына қабылдау жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» демекші, тіл үйренейік, бірге үйренейік!

Жұлдыз-ай Ербатырова, орталық басшысы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77