В ритме города

Жібек лентамен кестелеу әдісі бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды

Шеберлердің қолынан шыққан әсем дүниелер еріксіз көздің жауын алады

Соңғы уақытта жібек лентамен кестелеу қайтадан сәнге айналып жатқаны белгілі. Бұл таңқаларлық нәрсе емес. Өйткені, оның көптеген артықшылықтары бар. Сәндік-қолданбалы өнердің бұл түрін нағыз көркемдік жұмыс деп айтуға болады. Ол біріншіден қиылдың толық еркіндігін білдіреді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен шеберлік сағатында болашақ шеберлер қауызын ашқан әсем гүлді, гүлшанақ пен жапырақтар, нәзік шыбықтарды жібек лентамен кестелеп, шағын гүлдер әлемін жасады. Шеберлік сағатында лента тігісі, француз түйіні, бағаналы тігіс, тік тігіс әдістері қолданылды.

Сонымен қатар алынған гүл мотиві қол орамалдардың безендірілуіне қолданылып, ашық хат элементі және киім декоры бола алады. Ленталармен кестелеу әсемдігімен, түсінің ашықтығымен, сипатымен, орындалуының қарапайымдылығымен назар аудартады.

-Жібек лентамен әсем дүниелер жасау шеберлік сағаты осы өнерді меңгергісі келетін жандар үшін пайдалы болды деп ойлаймын. Жібек денеге жайлы маталардың бірі ғой. Сондықтан ол ешқашан сәннен қалмайтыны анық. Одан тігілген киімнің де сапасы әлде қайда жоғары. Жібектен кестелеп тігілген киімдер қай кезде де сәнді де әдемі көрінеді. Қолы шебер жандар жібек матадан неше түрлі әсем дүниелерді жасап шығарды,-дейді музей қызметкері Бақытгүл Мұратбекова.

Шеберлік сағатында жасалған әсем дүниелер еріксіз көздің жауын алады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77