ЖКХ

Журналистер аллеясы: қоғамға үн қатқан орын

Бүгін қаламыздың журналистері жиналып “Журналистер аллеясында” сенбілік өткізді.

Бұл саябақтың ресми ашылуы болған жоқ. Дегенмен БАҚ өкілдері аллея көркін келтіру мақсатында алаңды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке “СВ-медиа” ЖШС-нің республикалық БАҚ-тың ресми өкілдері, “Наш Костанай”, “Тобол Инфо”, “Қостанай медиа” және “Қостанай”, “Астана” телеарналары мен “КН” радиосының журналистері атсалысты.

– Журналистер аллеясы” “Біздің Қостанай” газеті редакциясының бастамасымен құрылған. Басында Әль-Фараби көшесінде орналасқан “Осминог” аквапарк пен “7 континен” арасындағы аумақта ашу жоспарланған. Бірақ аквапаркке қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен бас тартты. Кейіннен Қозыбаев көшесінің Дощанов пен Павлов арасындағы бөлігі таңдалып алынды, – дейді “Қостанай облысы журналистер одағы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Александра Сергазинова.

Біз бұл аллеяны құру арқылы біздің қаламызда “журналистердің” бар екендігін жеткізгіміз келді дейді журналистер одағы төрайымы.

Аллея ішінде тұрғындарға арналған түрлі спорттық жаттығу құралдары бар. Сондай-ақ, алаңның ортасында “Журналист-бір күндік тарихшы” деп жазылған ескерткіш де орнатылған. Сенбілікке қатысқан БАҚ өкілдері қаламыздағы барлық ақпарат құралдарының тарихы көрсетілген стэнд болса екен дейді.

– Бұл аллея журналистердің бастамасымен салынған. Негізінен журналистер қауымы мемлекеттік бағдарламада кейінгі орындарда қалып жатады. Бұл біздің қоғамда жұмыс істеп жатқанымызды үндеп тұратын жер. Осы алаңның арқасында жалпы халық біздерді танып, еңбегімізді ескеріп жүреді деп ойлаймын, – дейді “Қостанай таңы” газеті орынбасары Аслан Қанғожин.

Сондай-ақ, болашақта бұл жерде журналистика саласында елеулі үлес қосқан азаматтарға арналған ақпараттық тақта болса екен дейді Қостанай телеарнасының өкілдері.

Бұл сенбілікте журналистердің жұмысы сөзбен емес, іспен де көрінді. Бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде аллеяны жандандырып, алда одан әрі көркейеді деген үміт пайда болды.

Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суретті ұсынған Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77