Образование

Жыл сайынғы кешенді Олимпиада үміткерлер бақ сынады

Екінші кезеңге 70 балл жинаған 21 адам жіберілді

Жақында Рудный индустриялық институтында «РИИ грантына» үміткерлер арасында өтетін жыл сайынғы кешенді Олимпиада аяқталды. Зияткерлік сынаққа Қостанай облысы мен қаланың оқу орындарының 40-тан астам түлектері қатысты.

Олимпиада ҰБТ түрінде математика, физика, химия, география пәндері бойынша өткізілді. Екінші кезеңге олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен және кемінде 70 балл жинаған қатысушылар жіберілді, барлығы 21 адам.

Пәндік қазылар алқасының хаттамасына және олимпиаданың екінші турында жинаған ұпай санына сәйкес 3 орын – «РИИ гранты» (20% жеңілдік) №15 орта мектептің оқушысы С.Амиржановаға (география) берілді.

Олимпиадалық тапсырмаларды «РИИ» пәндік қазылар алқасының төрағалары әзірледі және ұйымдастыру комитетінің төрағасы бекітті, қатысушылардың жұмыстарын Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығымен бекітілген пәндік қазылар алқасының мүшелері қарастырды.

Әсел АМАНГЕЛДИНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77