Мәңгілік Ел — басты мұратымыз

Мәңгілік Ел — басты мұратымыз

Оның мәні мен маңызы күллі жұртшылыққа белгілі

2014 жылдың басында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны көпшілікке мәлім.

Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы баршаның тарапынан қолдау тапты. Бұл күндері осы бағытта республикамызда маңызды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.
Кім Отанының мәңгілік болғанын қаламайды? Ол өзіміздің қолымызда. Қазіргі таңда Қазақстанды әлем таныды. Алдымызда одан да маңызды міндеттер тұр. Бұл әрине, дүниежүзіндегі бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Оны ойдағыдай орындау үшін бізде барлық мүмкіндіктер жеткілікті. Қазақ елі қазба байлықтарына бай. Бұны қазіргі таңда күллі жер шарындағы азаматтар да көріп те біліп те отыр.

Өткен ширек ғасырда біздің мемлекетіміз қыруар жұмыстарды тындырды. Елордамыз Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ұйымдастырылып, ол жоғары деңгейде өтті.

Сол кездері жер бетіндегі барша адамзат тәуелсіз Қазақстанның бұл жетістігіне көз тікті. Еліміздегі қай саладағы болсын жетістіктерімізге тәнті болды.

Әрине, оның бәрін бір мақалада айтып бере алмасымыз да анық. Болашақта да бізді үлкен мақсаттар күтіп тұр. Отанымыздың дарынды жастары білімге құштарлық танытуда. Мемлекет басшысының тікелей қамқорлығымен «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде де университеттерде оқып жатқан ұлтымыздың талантты жігіттері мен қыздары да аз емес.

Қазіргі таңда республика жұртшылығы «Қазақ елі», «Ұлы дала Елі», «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» тәрізді стратегиялық аса маңызды ұғым-түсініктерге де бойлары үйреніп, Қазақстанның қолжеткізген табыстарына мақтан етеді.

Еліміздегі барша қауым Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласын қолдайды.

«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру – бүгінгі ұрпақтың парасатты парызы, келешек ұрпаққа тағылым. Осы ұлы мұратты жүзеге асырсақ, бабалардың алдындағы міндетіміз бен парызымыздың өтелері хақ.

Мәңгілік Ел – болашақтың жобасы, сондықтан ол ұрпақтар сабақтастығымен жалғасатыны мәлім. Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құндылықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа ұлағат болатындай игі істер атқару – бүгінгі ұрпаққа борыш, келешек ұрпаққа – аманат.

А. АхметҚали, Қостанай қаласы Әділет басқармасының басшысы

Редакция НК

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись