Ғибраты мол конференция

Ғибраты мол конференция

Онда «Алаш» ардақтылары сөз болды

Жуырда М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінде „Рухани жаңғыру„ бағдарламасы аясында білім ордасында ұмытылмас басқосу болып өтті.
Онда «Алаш партиясы көшбасшыларының Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы саяси және ағартушылық аспектісіндегі халыққа жасаған қызметтері„ тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

Оған Қостанай педагогикалық институтының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өтеген Исенов, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың философия кафедрасының профессоры Қалқаман Жақып, тарих пәнінің мұғалімі, зейнеткер Амангелді Әбілев, облыстық шығармашылық орталық маманы, термеші Абзал Алпысов, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысты.

Аталған іс-шара барысында„Алаш„ партиясының құрылуы, құнды идеялары туралы сөз қозғалып, оқушылар баяндама жасады. Жиналған қауым ғалымдардың пікірлерін ұйып тыңдады.

Сондай-ақ осынау жиында №115 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі, таяуда ғана Астана қаласында өткен „Алаш„ партиясының 100 жылдығына арналған халықаралық сайыста екінші орынға ие болған Дастан Мұратұлы өз ойын ортаға салды.

Конференция барысында облыстық шығармашылық орталық маманы, термеші Абзал Алпысовтың орындауындағы терме жиналғандардың көңілінен шықты.

Жансая Исмайлова, М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Редакция НК

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись