Әкім азаматтарды қабылдады

Әкім азаматтарды қабылдады

«Нұр Отан» партиясы Рудный қалалық филиалы өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету жолында тынбай ізденістер жасап, жарқын істерімен көзге түсіп келеді.

Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде аталмыш филиалдың төрағасы, шаһар басшысы Бахытжан Ғаязов бірқатар азаматтарды олардың жеке өтініштері бойынша қабылдады.
Осынау тұрғындармен жүздесу барысында оған қалалық әкімнің тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары Әнуар Есқатов, Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олжас Өмірзақов, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Самат Байғожин қатысты.

Барлық қабылдауға келушілер өздерін мазалаған өзекті жайлар бойынша тиісті ақыл-кеңес алды. Онда өтініш білдірушілерді негізінен мемлекет тарапынан тұрғын үй алу мәселесі мазалайды.

Мәселен, Н.Жакунов дәл осы баспана мәселесі бойынша келіпті. Алайда ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаждардың қатарында есепте жоқ. Сондықтан ол қазірге мұндай жеңілдікпен берілетін баспана ала алмайды.

Сол себептен де оған шаһарда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті құжаттарды дайындап, кезекке тұру қажеттігі жөнінде айтылды.

Сонымен қатар қабылдауда болғандардың бірі А. Морозова осы қалада пәтер жалдап тұрады. Ол небәрі бір бөлме. Сондықтан өзі бұрын ғұмыр кешкен П.Корчагин көшесінен баспана беру жағын қарастыруды өтінген.

Қаланың әкімі әрі «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бахытжан Ғаязов барлық қатысушыларды мұқият тыңдады. Олардың мұң-мұқтаждарына айрықша назар аударды. Тиісті орындарға қабылдауда болған азаматтардың өтініш-тілектерін заң тұрғысынан шешілуін қарастыру жөнінде тапсырма берді.

Міне, Рудный шаһарындағы тұратын азаматтар осылайша қабылдауда болып, өздерін көптен толғандырып жүрген мәселелерге нақты жауап алды.

Оразалы Жақсанов

Оразалы Жаксанов

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись