Тобыл-Торғай өңірінің жас өнерпазы Гран-при иегері атанды
Қостанай облысы, Амангелді ауданының тумасы, жас өрен Асылжан Өміржан бас жүлдені жеңіп алды. Ол, халықаралық «Бозторғай» байқауына вокал сайысы бойынша қатысқан болатын.
Сайыс жеңімпазы Асылжанды Қостанай вокзалынан туған-туыстары, жақындары, достары және мәдениет саласының өкілдері құрмет-қошеметпен, ілтипат гүлімен күтіп алды.
Асылжан бұл байқаудың Гран при иегері болып және өзге елден келген қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді.
Сонымен қатар, Қостанайдан қатысқан жас өнерпаздар жетістігі мұнымен шектелген жоқ.
Кіші топта 1-орын Едрес ӘБІЛМАНСҰР иеленді. Ал орта топта Болатхан ИСАТАЙ Бас жүлдені жеңіп алса, 1-орын тағы бір жерлесіміз Ясмин Ибраеваға бұйырды. Бұл үш жүлдегер де жарысқа Қостанай ауданынан қатысқан болатын.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77