Культура Новости

Көздің жауын алған қызғалдақ

Қостанай облысында алғаш рет «Қызғалдақ» фестивалі ұйымдастырылды


Облысымыздың басқа аймақтарына қарағанда, киелі Торғай өңіріне көктем ерте келеді. Оның ауа райы да жылы.

Мамырлаған мамыр айында ең алғашқы қызғалдақ бүршік жарады.

Бала кезімізде осы қызғалдақтың бүр жарғанын күтіп, сол қуанышты ауыл тұрғындарымен бөлісіп мәре-сәре болып қалатынымыз елі есімде.

Биыл алғаш рет облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Амангелді ауданында «Қызғалдақ» фестивалі ұйымдастырылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани-жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласының аясында, еліміздің барлық аймақтарына өңіріміздің әсем де көркем қызғалдақ алаңын көпшілікке таныту.

Сонымен қатар халқымыздың салт-дәстүрін сырттан келген қонақтарға көрсету. Ұлттық ойын түрлерімен жан-жақты таныстыру.

Торғайдың жерінің ауасы қандай кәусар болса, халқының да ниеті сондай таза.

Соныдықтан да мұндағы кең байтақ даланың сұлулығына жер жетпейді. Мүмкін Торай жерінің құнарлылығынан болар, Амангеді ауданындағы қызғалдақтар алаңы көптің көңілінен орын алған.

Аталмыш фестиваль 500 дымбырашының өнерлерімен ашылды. Сондай-ақ онда киіз үй қалашығы құрылып, кең дастархан жайылып, ұлттық нақышта көрме жасалып, спорттың бірнеше түрлері өткізілді.

Әсіресе, қазақша күрес, қыз қуу, асық ату ойындары жиналған қауымның ерекше қызығушылығын тудырып, сол өңірдің жастарының делебесін қоздырды. Жалпы, айтқанда сол күні облысымыздың барлық спортшылар да өнерпаздары да әсем мереке қазғалдақ фестивалінде аянбай өнер көрсетті. Сонымен қатар жүлделі орындарды азара бөлісіп жатты.

Әрине, бұл мерекенің жаны қазаққа өре, намыс, жүрегіне патриоттық сезім ұялататыны айтпаса да белгілі.

Осында арнайы ат басын тіреген қонақтар, жайқалған қызғалдаққа сүйсініп, естелікке суретке түсіп жатты. Өйткені, мұндай әсемдікті кез-келген жерден көре алмайтыныңыз анық.

Көздің жауын алған қызғалдақ әрдайым біздің мақтанышымыз болып қала береді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77