Культура Новости

«Мирас» мәдениет сарайында термешілер байқауы өтті

Онда талантты жандар аянып қалмады

«Мирас» мәдениет сарайында Қостанай қаласы әкімдігінің ұйысдастыруымен «Халық қазынасы» деп аталған термешілер байқауы болып өтті. Мұнда өңіріміздің 7 термешісі бақтарын сынады.

Терма қазақ халқының көнеден келе жатқан өнері екені белгілі. Терменің мағынасы да тереңде жатады. Оның адамға ой салып, тәрбие құралы ретінде пайдаланылатын кездері де көп кездеседі.

-Қазіргі таңда терме қоғамымызда қалыс қалып бара жатқан жанрлардың бірі. Сондықтан оны үнемі жаңғыртып, түрлі байқаулар ұйымдастырып тұрудың  маңызы зор. Ел болашағы жастарға термені тыңдата отырып, олардың бойына адамгершілік, мейрім, сыйласқтық пен сүйіспеншілік  сынды асыл қасиеттерді қалыптастыруға болады.  Сондай-ақ терме тыңдаған баланың білім көкжиегі де кеңейе түседі,-дейді осынау  байқауда әділ қазылардың құрамында болған облыстық тілдерді дамыту басқарамысының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Байқау болған соң жеңімпазда болатыны анық. Осы өнер сайысында жүлделі бірінші орынды Абдрахман Алпыс жеңіп алса, 2 орынды Жанат Мінайдар иеленді. Ал 3 орынды Еркебұлан Балесов қанжығасына байлады.

Олар өңірімізде өнер саласында  көп жылдар қатарынан еңбек етіп жүрген жандар. Бүгін де терме жанрының жаңғыруына өздерінің үлестерін қосып жүр десек те артық болмас. Киелі өнердің бұл түрін қазақ халқа ешқашан ұмыт қалдырмасы анық.

Сондай-ақ байқау барысында, жиналған аға буын өкілдерінің текті сөздің төресі – терме тыңдап, рухани байып қалғандары байқалды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77