Бұл фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр
Осындай мәдени фестивальдер Отанымызда өмір сүріп отырған және еңбек жасап жүрген әр ұлт өкілдерінің бүгінгі заманғы таланттар шоғырын көруге жол ашатын, айтулы оқиға. Олардың шығармашылық ізденісін белгілі деңгейде қорытындылау сараптау, бағалау, өзге ұлттың мәдениетіне жақындаудың, танып-білудің мүмкіндігі болып табылады.
–Біз үшін өте қуанышты күн, өйткені Қостанай өңірінде алғашқы рет республикалық фестиваль өткізіліп жатыр. Бұл фестиваль осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Сол себепті Қостанай өңірінің басшылығына зор алғыс айтамыз. Осы орайда, әр өңірде өткізілетін бұл фестивальдің мақсаты – елімізде алты тілде сөйлейтін театрлардың өнерін таныстыру. Ол дегеніміз этникалық отанынан тыс жерде қызмет атқарып жатқан ұйғыр, корей, өзбек, неміс тағыда басқа театрлардың қазақ елін өздерінің өнерімен сусындатып жүргендігін сіздергеде көрсеткіміз келеді. Сондықтан, фетивалдан осы театрлардың сіздерге өз ана тілдерінде ұсынатын қойылымдарын көруге үлкен мүмкіндік бар, – деді ҚР Мәдениет және спрот министрлігі кинематографияжәне театр өнері басқармасының бас сарапшысы, мәдениет саласының үздігі Гульнафис Мырзашева.
Сондай-ақ, Гульнафис Советханқызы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың фестиваль қатысушылары мен қонақтарына деген ізгі лебізін оқып берді.
Ұйымдастырылып отырған шара – актерлер мен режиссерлер тәжірибе алмасып, шығармашылық дамуларына зор септігін тигізбек.
Қостанайдағы фестивальге Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Қостанай облыстық орыс драма театры, Шымкент қалалық өзбек драма театры, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрлары қатынасып отыр.
–Қасиетті Тобыл-Торғай өңіріне қош келдіңіздер. Өңірдің тарихынан сыр шертіп, үш күннің ішінде тек қана сахнада өнер көрсетіп қоймай, еліміздің-жеріміздің тарихынан тәлім алып, етене таныса түсулеріңізге сеніміміз мол. Біз сол үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Ұйымдастырылып отырған фестивальге облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің өзінің ыстық ықыласымен құттықтауын жеткізгім келеді. Әрине, фестиваль – сіздерге жаңа шығармашылық, үлкен ізденістер, танылуға зор мүмкіндік, толағай табыстарға жетелейтіні сөзсіз. Біз тек қана сәттілік тілейміз, – дедіҚостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Әр театр ұйынған қойылымдар ішінен қазылар алқасы үздігін таңдайтын болады.
Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77