Спорт

№11 орта мектебінде «Қожа турнирі» өтті

Бұл турнир Науырзым орта мектебінің барлық түлектері арасында жыл сайынөткізіліп келеді.

Турнирдің ерекшелігі Науырзым орта мектебінің түлектерін бір шаңырақ астына жинап, көпті көрген аға буын мен жалынды жастардың арасындағы байланыс орнатуында. Биылғы турнир 13-ші мәрте ұйымдастырылып отырған іс-шара. Турнирдің басты мақсаты түрлі жастағы адамдардың басын қосып, жастарды ынтымаққа, отансүйгіштікке және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Осы арқылы жас ұрпаққа аудан тұрғындарының бойына патриоттық рух пен бірлік сезімін қалыптастыру көзделеді.

«Қожа турнирі» бастау алған күннен бері оның идеялық жетекшісі әрі ұйымдастырушысы дене шынықтыру пәнінің ардагер ұстазы Батырғожин Сағит Тұрғынбекұлы. Алайда уақыт ағымымен Сағит Батырғожин зейнетке шығып, өзінің көп жылдық еңбегін кейінгі ұрпаққа сеніп тапсырды. Қазір бұл жауапты міндетті дене шынықтыру пәнінің білікті маманы, ұстаз Спартак Матенов абыроймен жалғастыруда. Соңғы үш жылда олтурнирдің ұйымдастырушысы ретінде өз ісін жоғары деңгейде көрсетіп келеді.

Спорттық турнир қызық және тартысты өтті. Жарысқа барлығы 20 топ қатысып, баскетбол, арқан тартыс және дартс секілді спорт түрлерінен бақ сынады. Әр топ жеңіске жету үшін барын салып, жоғары шеберлік пен бірлік танытты,-деді ұйымдастырушы Спартак Матенов.

Қатысушылар белсенді түрде турнирге қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Ауылдың түлектері жыл сайын бас қосып, ортақ алаңда бақ сынасуы дәстүрге айналған игі іс. Жыл сайын 20-ға жуық топ белсенді түрде қатысып, тартысты ойын көрсетеді. Әсіресе, ардагерлер, мұғалімдер және жастар арасындағы жарыстар ерекше қызықты өтеді,-дейді Қожа ауылының түлегі, қатысушы Нұргелді Хасенов.

Турнирдің арқан тартыс сайысы жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыста 3-ші орынды 1979 жылдың түлектері иеленді. 2-ші орынды 1974 жылдың түлектері жеңіп алды. Ал бірінші орынды 1986 жылдың түлектері ешкімге дес бермей, өздерінің күш-жігерімен лайықты жеңіске жетті. Баскетбол сайысында да қызу тартыс орын алды. Мұнда 3-ші орынды 1992 жылдың түлектері иеленді. 2-ші орынға 1979 жылдың түлектері лайық деп танылды. Ал баскетболдан турнирдің жеңімпаздары 2002 жылдың түлектері атанды. Барлық топ медальмен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Дильназ Изделюева

Суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77