Образование

13 қарашада атап өтілетін Халықаралық зағиптар күніне арналған «Жаныңды жылы сөзбен жылытамыз» мерекелік іс-шарасы өтті

«Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының басқармасының ұйымдастыруымен «Жаныңды жылы сөзбен жылытамыз» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты мүгедектерді қоғамға тарту үдерісін тереңдету. Зағип жандардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды адамдарды қолдау. Мүгедек адамдардың мәселесіне жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару және зағип жандар туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру.

– Әрине, біріншіден, барлық жұмыс көру қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. Облыс бойынша есепте қазір Мүгедектігі бойынша 728 адам, I және II топ бар. Республикада да, біздің филиал аясында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біз Шоудаунға жабдық сатып алдық, бұл соқырларға арналған теннис. Біз спортпен өте белсенді айналысамыз, дойбыдан әлем чемпионы бар, көп ұзамай біздің шаңғышылар Финляндияға Әлем кубогына барады, – дейді «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының басшысы Исмуратов Хамит Суиндыкович.

«Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ 85 жылдығына және жыл сайын 13 қарашада атап өтілетін Халықаралық зағиптар күніне арналған «Жаныңды жылы сөзбен жылытамыз» мерекелік іс-шарасы өтті.

ҚСҚ Қостанай филиалының мүшелері – құттықтаулар мен алғыс сөздерін естіп, марапатқа ие болды. Кітапхана фойесінде көру қабілеті шектеулі оқырмандардың жұмыстары қойылатын көрме де өтті.

Мерекелік бағдарламаның ашылуында “Қазақ зағиптар қоғамы” I және II топтағы көру мүгедектерінің республикалық қоғамдық бірлестігінде мүгедектердің әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, олардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғайтыны атап өтілді.

Аяжан СЕРІК

Суретті ұсынған Л.Толстой атындағы кітапхана

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77