Спорт

151-ші атқыштар бригадасының құрылғанына 83 жыл

Қаламызда 151-ші жеке атқыштар бригадасының құрылғанына 83 жыл толуына орай вело-жаяу жүру марафоны өтті.

Дәстүрге айналған марафонға 100 шақты велоспортшы және 300-ге жуық жаяу жүрушілер қатысты. Велоспортшылар “Қостанай қаласы балалар шығармашылық мектебінен” бастап, Алтынсары көшесі арқылы Назарбаев көшесіне түсіп, “Жеңіс саябағына” дейінгі аралықта жүріп өтеді. Сол жерден “Президеттік миля” шеңбері аясында жаяу жүрушілер марафоны басталады.

– Велошеруге кез келген адам қатыса алады. Бүгінгі шараға ҚР ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының спортшылары, оқушылар мен студенттер, және Қостанай велоқоғамы атсалысып отыр.

Қатысушылардың қауіпсіздігін полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ ұйымдастырушылар қадағалап отыр. Сонымен қатар велоспортшылар жүретін жолдар уақытша жабылады,- дейді спорт бөлімінің басшысы Амир Кайратұлы.

Бұл марафонның ең жас қатысушылары София мен Матвей. София 11 жаста, ал Матвей 9 жаста екен. Олар өздерінің әкесінен қатысуға ұсыныс түскендігін айтады. Әкелері балаларының спортқа жақын болып өскенін қалайтыны сонша қолынан келгеннін бәрін жасайтынын айтады.

Оған дәлел бүгінгі шеруде бәрінің көзіне түскен велосипед. Әкесі өз велосипедінің артына баласына арнап велосипед жасап берген екен.

– Бұл марафонның өтетіні туралы бізге әкеміз айтты. Біз қуана қатысатынымызды айттық. Себебі, біз жеңіс сыйлаған ардагерлерімізді еске алып, құрмет көрсетуді жөн санаймыз. Сондай-ақ, спортты ерекше жақсы көреміз. Матвей шаңғы тепкенді жақсы көреді. Ал мен велоспортқа қатысамын дейді жас спортшы София.

Бүгінгі күн қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлайтыны сөзсіз. Келер жылы дәстүрлі марафонға жас қатысушылар саны көбейіді деген сенім мол.

Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суретті ұсынған Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77